Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Түйткіл

Абай айтудай-ақ айтты ал, оны ұрпағы ұқты ма?

11.04.2024
- Түйткіл
0
Абай айтудай-ақ айтты ал, оны ұрпағы ұқты ма?
90
БӨЛІСТІ
249
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Абыз Абайдың 150 жылдық мерейтойына қатысудың сәті түскен. Жидебай жерінде бір жеті жырғадық. Аста-төк қонақ күтуді айтып отырған жоқпын. Көңілге қонатын көл-көсір шырайлы шара жүзеге асты.

Содан бері отыз жылға жуықтап қалыпты. Не өзгерді? Осы сауал оңашада оқшау ойға жетелейтіні бар.

Абай маған ақындықты армандамағандай көрінеді. Бойындағы табиғи талантына қаймана қазақты жағымсыз әдеттен арылтатын құрал тұрғысында қарағандай. Алайда, «ауылдың алты аузынан» алдына қара салмайтын қазекең сол өлеңнің мағынасына онша мән бермейтініне көзі жеткесін, қара сөзге ауысып кеткендей. Махаббат, табиғат лирикасы туралы туындысы бөлек әңгіме. Ал, өзіміз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп өзеурейтін, реті келсін-келмесін көрінген жерге қыстыратын өлеңіндегі :

«Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап –

Сондай-ақ оқыңыз

Жеделсаты жеделдетпей тұр

Жеделсаты жеделдетпей тұр

15.11.2024
Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

19.07.2024

Бұларды керек қылмас ешкім қалап»,

деген екі жолға назар аударған кім бар? Бір баланың қылығына қатты риза болған қарымды қаламгер Мағауия Сембай «Жерұйық» жинағында былай жазыпты: «Баланың бойынан ынсап, ұят, арды көрдім. Көрдім де көңілім толды. Әкесінің қанымен, анасының ақ сүтімен келетін тәрбие – бұл. Әрине, мектептегі ұстаздары да қара жаяу болмаса керек… Ал, намыс, сабыр, талап өскен сайын даритыны күмәнсіз». Рас шығар!

Бес асыл қасиетті (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) қастерлеуге, берекесіз бесеуінен (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) безінуге үндеген «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқымаған адам жоқ. Өйткені, өзі іздеп жүріп оқымаса да, мектеп оқулығына еріксіз көз жүгіртеді. Бірақ, өлеңді жаттағанымен, тәрбиелік мәні тасада қалып қоятыны өкінішті. Әйтпесе, Абайдың қара өлеңі қазақпен қатар жасап келе жатқанына шамамен бір ғасырдан асты.

Құдайға шүкір, кітабы дүркін-дүркін шығып жатыр. Енді шет тілдерде «сөйлетудеміз». Ал, өмірі мен өнегесі өзек болған іс-шарада таза есеп жоқ. Бір кем дүние – Абайдың өлеңмен өрілген, қара сөзбен қарпылған сол ақылы мен өнегесін өмір қажетіне жөнді жарата алмай жүрміз. Оның өрелі ойынан, тағылымды тойынан сабақ алып, соны бүгінгі күннің биігінен кәдеге жаратып жатсақ, кәнеки?! Абайдың: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөзі бар қазақтың тірліктегі қанатты қағидасына айналса…

«Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы» деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

Бұдан төрт жыл бұрын тамызда тұңғыш рет Абай күнін ресми түрде тойладық. Сонда жерлес ақын Ғазиз Ештанаев әлеуметтік желіде: «Бұл – Құнанбайдың ұлының туған күні емес, бұл – Құдай сүйген қазақтың ұлылығының күні. Ұлы ақын туған күн ақыл нұрланатын күн болса екен!» деп жазды. Айтқан тілегі періштенің құлағына шалынсын!

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру