Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуде

20.06.2025
- «Қазақмыс»
0
«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуде
66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Үкімет отырысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нуриев еңбек жағдайының қауіпсіздігін күшейту және кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін төмендету бойынша іске асырылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Цифрлық шешім – жаңа қауіпсіздік стратегиясының өзегі

Тәуекелді басқару жүйесін цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2021 жылдан бастап корпорацияның шахталары мен кеніштерінде персонал мен техниканың орналасуын бақылауға мүмкіндік беретін позициялау жүйесі енгізілді. Бұл жұмыскерлердің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылауға және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

2022 жылы Балқаш байыту фабрикасында жұмыс процесін бақылау жүйесі іске қосылды, ал 2025 жылы жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған тосқауылдық жүйенің және HR-процестерін цифрландыру арқылы еңбек жағдайын жақсартуға арналған Kazakhmys SuperAPP интеграцияланған платформасын сынақ түрінде пайдалану кезеңі басталды.

Сондай-ақ арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын есепке алуды автоматтандыру, қауіпті өндіріс орындарында еңбек ететін жұмыскерлердің медициналық тексерісін электронды форматта жүргізу және «Өндірістік қауіпсіздікті басқару» атты кешенді платформаны енгізу жобалары іске асырылуда.

Жарақаттану деңгейінің 25%-ға төмендеуі – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Соңғы 3 жылда жазатайым оқиғалар саны 25%-ға төмендегені байқалады. 2025 жылы «Жомарт» кенішінде 2014 жылдан бергі алғашқы газ жарылысы тіркелгеніне қарамастан, жалпы жағдай тұрақты. Оқыс оқиғалардың негізгі себебі – тау жынысының құлауы мен техниканың қағып кетуі — қатаң бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Жаңа жүйелерді енгізу жоспарлануда

Жаңа жүйелерді енгізу жоспарлануда

20.06.2025

Корпорация еңбекті қорғауға белсенді түрде инвестиция салуда: соңғы үш жылда 24 млрд теңге жұмсалды, ал 2025 жылға 26 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаражат тек техникалық құралдарға ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, персоналды оқытуға және цифрлық технологияларға бағытталады.

Корпоративтік мәдениет пен тәуекелді басқару – негізгі бағыт

2025 жылы «Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік стратегиясын ауқымды түрде қайта қарай бастады. Ол бес негізгі бағытты қамтыды:

  1. Қауіпсіздік мәдениетін дамыту;
  2. Еңбекті қорғауды басқару тәсілін өзгерту;
  3. Цифрландыру;
  4. Тосқауыл моделін енгізумен тәуекелге бағдарланған басқару
  5. Еңбек медицинасы жүйесін күшейту.

Корпорация 15 негізгі өндірістік тәуекелді анықтап, ішкі және өндірістік бақылау механизмін күшейтті. 2025 жылы техникалық аудит жүргізіліп, 2 378 бұзушылық анықталды және 64 процесс талапқа сай болғанға дейін тоқтатылды.

Жауапкершілік – барлық деңгейде

Корпорацияда еңбек қауіпсіздігі бойынша топ-менеджмент үшін KPI жүйесі енгізілуде, мердігер ұйымдардың жарақат статистикасына айтарлықтай үлес қосатыны анықталды – енді олар да қауіпсіздік талабына қатаң бағынады.

Бұдан бөлек кәсіпорында тәртіп бұзушылықты тіркеу үшін талон жүйесі жұмыс істейді, ал әрбір ауыр оқиға өндірістік кеңесте қаралып, жауапты тұлғалар жеке жауапкершілікке тартылады.

«Қазақмыс» белсенді түрде инвестиция салу мен процестерді цифрландырудан бастап, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыруға дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруда кешенді тәсілді жүзеге асырып келеді. Компания үшін бұл жекелеген оқиғаға қарапайым жауап емес, қауіпсіздік корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған превентивтік және тәуекелге бағытталған модельге жүйелі түрде көшу болып табылады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
PR департаменті.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру