«Қазақмыс» өз кәсіпорындарында жұмыстың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше жаңа цифрлық жобаларды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев хабарлады.
Осындай жобалардың бірі – арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын есепке алуды және беруді автоматтандыру. Жүйе қызметкерлерге жабдықты уақтылы және дұрыс беруге көмектеседі, бұл еңбекті қорғау ережелерін бұзу қаупін азайтуға және жұмыс орнындағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ корпорация қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу үшін автоматтандырылған жүйені іске қоспақ. Бұл жүйе қызметкерлерді жоспарлауды, есепке алуды және медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар етуді жеңілдетеді.
Сонымен қатар өндірістік қауіпсіздікті басқарудың интеграцияланған платформасы әзірленуде, ол барлық ықтимал қауіптерді бақылау, талдау және жауап беру үдерістерін біріктіреді, бұл компанияның қауіпсіздік қызметтерінің тиімділігін едәуір арттырады деп күтілуде.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.