Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
- Жаңалықтар
0
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды
68
БӨЛІСТІ
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Астанада беделді ұлттық салалық сыйлық — «Алтын Гефест» марапатын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат жыл сайын Қазақстанның тау-кен және металлургия саласының дамуына қомақты үлес қосқан үздік мамандарға, кәсіпорындарға және жобаларға беріледі.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Байыту басқармасы Тау-кен байыту кешенінің бас байытушысы Бауыржан Қожабеков «Жыл байытушысы» аталымының жеңімпазы атанды. Ол еңбек жолын 2000 жылы ұсақтаушы болып бастаған. Бүгінде еліміздегі ірі өндірістік кешендердің бірін басқарып отыр. Оның жетекшілігімен іске асырылған Жезқазған фабрикаларын жаңғырту бағдарламасының нәтижесінде мыс алу көрсеткіші 90 %-ға дейін артты.

«Биыл салаға келгеніме 25 жыл толды. Бұл мамандықты әкем Жезқазған фабрикасында жұмыс істегендіктен таңдадым. Өндіріске қызығушылығым бала кезімде оянды. Болашақта байытушы болатынымды сол кезде білдім», – деді Бауыржан Қожабеков.

«ТМК саласындағы жыл әйелі» аталымында «Maker» ЖШС коммерциялық директоры Светлана Алексеева айқын жеңіске жетті. Светлана Сергеевна тау-кен металлургия саласында 20 жылдан астам жемісті еңбек етіп келеді. Оның басшылығымен компания экспорт көлемін айтарлықтай ұлғайтып, тапсырыс портфелін төрт есеге арттырды.

«Бұл марапат мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Біздің кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың шамамен 20 %-ы әйел адамдар. Өзім осы салаға 20 жылдан астам өмірімді арнадым. Менің ойымша, ер адамға немесе әйел адамға ғана арналған мамандық болмайды. Тек өз ісінің хас шебері ғана болады», – деген ойымен бөлісті Светлана Алексеева.

Сондай-ақ оқыңыз

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025

«Алтын Гефест» сыйлығының қазылар алқасы «Қазақмыстың» қолдауымен Kursiv Media командасы түсірген «Мыс бағасы» деректі фильмін ерекше атап өтіп, оны жыл медиажобасы деп таныды. Деректі фильмде жезқазғандық Дәуеновтер әулетінің тарихы арқылы кеншілер өмірінің қиындығы мен қуанышы шынайы көрсетілді.

Сонымен қатар Жезқазған Тау-кен өндірісі Аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығының директоры Дәулет Үкібаев II дәрежелі «Еңбек даңқы» мемлекеттік төсбелгісімен марапатталды. Дәулет Серікұлы «Қазақмысқа» 30 жылдан астам өмірін арнады. Ол бұл марапат тұтас ұжымның ортақ жетістігі екенін айтты.

«Бүгінгі марапат – бұл біздің ұжымның, 450 қызметкердің әрқайсысының еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта біз осы сапаны сақтап, ұрпақ сабақтастығын жалғап, жинақталған тәжірибемізбен және білімімізбен бөлісуді жалғастырамыз», – деді марапат иесі.

«Алтын Гефест-2025» байқауында «Қазақмыс» мамандарының мойындалуы бізді алға ұмтылуға шабыттандырады және компания қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін растайды.

Өзге аталымдар бойынша:

– Жыл геологы: Марат Бітімбаев, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдарының институты;

– Жыл тау-кеншісі: Сергей Петрунин, тау-кен телімінің бастығы, «Варваринское» АҚ, Solidcore Resources

– Жыл кеншісі: Тимур Серікбаев, Ертіс шахтасының үңгушісі, «Шығыстүстімет» ЖШС, KAZ Minerals

– Жыл металлургы: Елдос Жұмабеков, алюминий электролизі цехының шебері, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, ERG

– ТМК саласындағы әйелдер: Зәуре Зәуірбекова, «Qarmet» АҚ басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары, Светлана Алексеева, «Maker» ЖШС коммерциялық директоры.

– Жылдың үздік әлеуметтік жобасы: KAZ Minerals тобы «Семей қаласындағы 1200 орындық № 50 IT мектеп-лицейінің құрылысы мен жабдықталуы»

– Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы: OneApp кешенді платформасы, «Kazzinc» ЖШС

– Үздік ESG стратегиясы: «Solidcore Resources plc кешенді ұзақмерзімді ESG стратегиясы»

– ТМК саласында үздік digital-шешім: «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің диспетчерлік-талдау орталығы және персонал мен жабдықтарды орналастырудың біріктірілген жүйесі

– Жыл тәлімгері: Күлкен Дагилова, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС флотаторы

– Жыл оқытушысы: Сергей Кузьмин, «Рудный индустриалды университеті» ҰӘҰ металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің деканы;

– Үздік дипломдық жұмыс: Асылбек Ғизатов, «Еңбек нарығындағы тоқырауды болдырмау және ҚР тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың негізгі секторларында табыстылықты болжау моделін әзірлеу»

– Теледидардағы ТМК бойынша үздік журналистік жұмыс: «ҚР литий кен орындарын іздеу және оның қорын бағалау», 24KZ телеарнасының тілшісі Вячеслав Ветлугин.

– Саланың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы марапат: Төлеген Мұқанов, өндіріс ардагері, ТМКҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары, құрметті кенші, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру