Жексенбі, 8 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытауға көш – жаңа өмірге бастар жол

06.06.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытауға көш – жаңа өмірге бастар жол
66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы биыл да елдің оңтүстігінен солтүстікке бағытталған қоныс аудару бағдарламасы аясында бірнеше отбасын қабылдауға дайын. Бұл – ел ішіндегі демографиялық тепе-теңдікті сақтау мен халық саны аз ауылдарды жандандыру мақсатында қолға алынған жүйелі саясаттың нақты көрінісі.

Биылдың өзінде өңірге 28 отбасы, яғни 120-дан астам адамды көшіру жоспарланып отыр. Осы мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 103 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Оның ішінде қоныс аударушыларға бір реттік көмек пен баспана сатып алуға қажетті қаржы қарастырылған. 

Бағдарлама аясында қандай қолдау көрсетіледі?

Қоныс аударушылардың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық қолдауға ие болады. Егер көшіп келетін ауылда бос баспана болмаса, жергілікті әкімдік тұрғын үйді жалға алып береді. Сонымен қатар, отбасыларға қажетті көлемде жер телімі конкурссыз бөлінеді. Бұл әсіресе мал шаруашылығы мен бау-бақша өсіруге бейім отбасылар үшін үлкен мүмкіндік. Мансап орталығының мәліметінше, биылғы жоспар бойынша 18 отбасыны орналастыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Түркістан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, алғашқы 7-8 отбасы тіркеліп үлгерген.

Қоныс аударғандардың тәжірибесі

Өткен жылы Ұлытау ауданына осы бағдарлама аясында 11 отбасы көшіп келген. Солардың бірі – көп балалы ана Жансая Ысқақова. Ол қазіргі таңда аудан орталығындағы балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарады.

Сондай-ақ оқыңыз

Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025

— Отбасымызға толық көлемде қолдау көрсетілді. Жағдай жасап берді. Ұлытау – әулиелі жер дейді ғой, расымен осында келгелі өміріміз жақсарып келеді, – дейді Жансая Ысқақова.

Бұл бағдарлама тек тұрғын санын арттырып қоймай, ауылдарды жаңа еңбек күшімен қамтып, әлеуметтік салаларды дамытуға да үлкен серпін беріп отыр. Әсіресе дәрігер, мұғалім секілді тапшы мамандық иелеріне басымдық берілуі осыны көрсетеді. 

Демографиялық тепе-теңдік пен экономикалық тиімділік

Облыстық еңбек мобильдік орталығының мәліметінше, оңтүстіктен қоныс аударуға ниеттілер қатары жылдан жылға артып келеді. Бұл – бағдарламаның халық арасында сенім тудырып, нақты нәтиже беріп келе жатқанының көрінісі.

Көш – тек қоныс емес, ол жаңа бастама, жаңа үміт. Ұлытау облысының табиғи ресурстары, жайылымы мол даласы, тарихи-мәдени әлеуеті – халықты қабылдауға толық мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағдарламаның әлеуметтік қана емес, стратегиялық маңызы да зор.

Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен ішкі көші-қонның тиімділігін арттыру міндеті осындай ауқымды жобалар арқылы жүзеге асып келеді. Қоныс аударған әр отбасы – ауылдың қайта тыныс алуына серпін беретін шағын қозғалтқыш іспетті.

Ұлытау – бабалар аманатын арқалаған, болашаққа сеніммен қарайтын мекен. Мұнда көшіп келіп, тіршілік көкжиегін кеңейтіп жатқан әрбір жанұя – осы қасиетті даланың жаңа үміті.

Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру