Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды салт-дәстүрмен түрлене түсуде. Жыл басы Наурызды №№1,2,3 Жезқазған кен байыту фабрикасының еңбек ұжымдары биыл ерекше үлгіде қарсы алды. Байытушылар қауымы ұлттық болмысымызды насихаттай отырып, мейрамның құндылығын көпшілікке паш етті.