Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Қашқын ұрының жазбалары

Қайта оралу

16.05.2025
- Қылмыс пен жаза
0
Қашқын ұрының жазбалары
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Павел СТОВБЧАТЫЙ

(Соңы. Басы газеттің 2024 жылғы№ 45 (1844) санынан басталады).

– Дүкенге барып келші, бір нәрсе алып келші…

– Не әкелейін? – Ол бар болмысымен еркелей тіл қатты.

Сондай-ақ оқыңыз

Кәнігі ұры

Кәнігі ұры

13.06.2025
Қашқын ұрының жазбалары

Қашқын ұрының жазбалары

25.04.2025

– Дәмдірек, қымбаттырақ бірдеңе. Не қаласаң да. Тоңазытқышта азық-түлік аз, бір бөтелке шарап қана бар.

– Аз ба?

– Күштірегін ал.

– Жарайды. – Ол сөмкесін алып, өкшесін тақылдатып баспалдақпен түсіп кетті. Отыз минуттай уақыт өткенде қайтып келді.

Біз тез-тез үстел жасап, бірбірімізге қарама-қарсы отырдық.

– Не үшін ішеміз? – деді Анжела.

– Сен үшін, – дедім мен.

– Сен үшін де.

– Онда маған жол болсын деп тіле. Ертең кетемін. Таңертең.

Ол қапаланбаса да, іштей біртүрлі тартыла қалды.

– Қалай? Ертең бе? Билетті алып қойдың ба?

– Билет жоқ, бірақ кетемін, – дедім нық сеніммен.

– Қай жаққа?

– Ленинградқа.

– Ле-нин-градқа, – деп менің артымнан қайталап, ойланып қалды.

– Ішеміз бе, жоқ па? – дедім мен коньякты толы рюмканы қолыма алып.

– Ішеміз. Сәттілік үшін. Петербург үшін.

Біз іштік, бірақ әңгіме жүрмей қойды. Ол не ойлап отырғанын білмеймін, бәлкім, мен жайлы, біз туралы шығар. Оның жасы жиырма беске келіп қалған. Жолдасы жоқ, отбасы да жоқ – бәрі түсінікті. Мүмкін, ол мені ұнататын да шығар, бірақ мен бұған сенімді емеспін. Егер ақшам болмағанда, нақты білер едім, ал қазір… Барлық әйелдер – әртіс, оларды түсіну қиын.

Қысқа қырқылған шашы мен күлімдеген көздері, бойының ұзындығы оны бала сияқты етіп көрсететін. Ол гүлдей аңқып тұрды – нағыз өзіне тән нәзік иіспен. Мен оның қып-қызыл ерніне қарап отырып, соның өзіне тойып отыр-
дым. Мұндай провинциялық қыз – Пермь дегенің Мәскеу емес қой – жақсы әйел болар еді. Болар еді… Он екі жас – аса үлкен айырмашылық емес. Мен оны сәл жандандырып, тағы құйып бердім, қайтып келем деп уәде бердім, нақтырақ айтсам, соғып кетем деп. Ол маған сенбеген сияқты. Бірнеше минуттан соң біз төсекте жатамыз, мен мұны білдім.Мен оның алақанын өз қолыма алып, саусақтарыммен ақырын сипай бастадым. Бостандықта жүрген кезімде әйел жанын түсініп, оны нәзіктікпен баураудың жолдарын аз да болса меңгеріп қалдым. Ең бастысы – асықпай, оның шекарасын құрметтей отырып, жақындасу. Нағыз әсер – жай ғана алақаннан бастап, жүзінен, мойнынан, шашынан ақырын жанасып өту. Және осы сәтте сөз – маңызды құрал. Әрбір сөзді асықпай, жаймен, жұмсақ үнмен, жүректен шығарып айту керек. Сонда ғана әйел жүрегінде нәзік сезім оянып, ол сені жақын қабылдай бастайды.

Кейде сөз тауып айта алмай қалады, кейде үнсіз қалса да, көзқарасынан бәрін түсінуге болады. Бұл сәт – ерекше, тәтті, әрі шынайы. Жан дүниесімен саған қарай ұмтылады. Ал сен оған жай ғана қамқорлықпен, мейіріммен жауап бересің.

Мен оның сұлулығына тамсана қарадым. Мүсіні, терісінің ақтығы – бәрі жарасымды, ерекше бір тектіліктің белгісіндей еді. Біз екеуміз өзара үйлесім тапқандай болдық. Мен оның шексіз энергиясынан нәр алып жатқандай сезіндім. Нағыз ер-азамат өзін еркін, мықты әрі толыққанды сезінетін сәт – тек әйелмен бір бола алған кезде ғана келеді…

Менің шаршағанымды байқап, көз алдымда ұйқы қысып бара жатқанымды көрген Анжела кофе қайнатуға тұрды. Бірақ мен бас тарттым. Көз ілінгені сол екен, терең ұйқыға кеттім де қалдым. Енді мені не кофе, не айналадағы дүние қызықтырмады. Тағы да иттер туралы түс көрдім. Олар мені өмір бойы қудалап жүретіндей. Үлкен қара төбет иттер жан-жақтан тап беріп, мен олардан бар күшіммен қорғанып бағатынмын.

Есімде, сол сәтте ұйқының ішінде жүріп, түсімді жоруға тырыстым. Қалай және қашан пайда болғаны белгісіз, бірақ мен бұл қабілетті түрмеде жүргенде үйреніп алдым. Мүмкін, менің түстерге деген ерекше қызығушылығым себеп болған шығар – қасымда әрдайым түс жору кітаптары мен қолжазба дәптерлер жүретін. Кейде түсімді өңімде жори отырып, карта ойынында ұтамын ба, ұтыламын ба – дәл болжай алатынмын. Қанша айла жасап, алдап көрмек болсам да, бәрі керісінше болып шығатын. Түс деген – адам ақылы жетпейтін жұмбақ дүние.

Оянуым күтпеген жерден болды. Жанымда ит жоқ еді, бірақ төсек дірілдеп, әлдекім соққы беріп жатқандай көрінді. Көзімді ашсам – төбеге қарап жатыр екенмін.

– Тұр, итальян! – деген Анжеланың дауысы естілді, мен есімді жидым. Бастапқыда ол мені кофе ішуге оятты ма деп ойладым, бірақ сол жаққа – оның тұруы тиіс жаққа қарағанда, тілім байланып қалды. Ойым бытырап, жүрегім бір сәт шым ете қалды.

Анжела менен екі-ақ метр жерде тұр еді. Қолында менің өзіме тиесілі бельгиялық тапанша. Оны тура маған – дәл басыма бағыттап тұр. Мұндай жағдайда қимылдамаған дұрыс – жай ғана қозғалмай жату керек. Оның көзқарасы тым байсалды болатын, бұл жай қалжың емес екенін бірден ұқтым.

– Не болды саған, Анжела? – дедім мүмкіндігінше сабырмен, тіпті күлімдеуге тырыстым.

– Маған ештеңе болған жоқ. Ал саған… – деді ол, сөйлемін аяқтамастан, тапаншаны жоғары көтерді. – Сен кімсің өзі, Джузеппе? Бестужев пе, Ольховский ме, әлде басқа біреу ме? Қане, киін де, төсектен тұр! – деп бұйырды.

– Не боп қалды өзі? Түсіндірші. – Мен орнымнан сәл көтеріліп, отыра кеттім. – Қазір уақыт қанша? Неге киініп алғансың?

– Сағат түнгі бір жарым. Киін! Мен милиция шақырып қойдым. Әйтпесе сені жалаңаш күйіңде алып кетеді, – деді ол салқын үнмен.

«Милиция шақырды» деген сөз мені бірден есіме түсірді. Мен жанұшыра ойға берілдім, тез арада киіне бастадым.

«Егер ол шынымен милиция шақырса – телефон дәлізде тұрған – енді бос сөздің қажеті жоқ. Бірақ неге? Не үшін? Мұның бәрі не деген сұмдық?! Осы уақытқа дейінгі ара-қатынасымыздан кейін қалай ғана бұлай болды? Әлде менің кетіп қалуға асыққаным себеп пе? Жоқ, мәселе паспортта… Ол менің чемоданымды ақтарып, құжаттарымды көріп қойған. Бестужев, Ольховский… Сосын қару мен ақшаны тауып алды. Ақымақ! Періштелердің де қызығушылығы болатынын неге ескермедім екен? Бірақ мен оған еш зиян тигізбедім ғой. Тек жақсы нәрсе сыйладым. Бұл не сонда?! Бұлай істеуге тіпті ең сұм адамдардың да батылы бармайды…»

– Сен шынымен милиция шақырдың ба, Анжела, әлде басқа ойың бар ма? – дедім соңғы шешімді қабылдау үшін.

– Иә, шақырдым, – деді ол, менің соңғы үмітімді сөндіріп. – Күмәнданба.

– Бірақ не үшін?! – дедім бар даусыммен шығып. Орнымнан ұмтылып тұра келдім.

– Қозғалма! Атамын! – деп баж ете қалды ол, артқа шегініп.

– Оқталмаған ол. Ат! – дедім тынысымды ішке тартып.

– Оқталған. Тексердім. Жақындама! Сен – алаяқсың әрі қылмыскерсің. Итальян да емессің, саяси тұтқын да емес. Сен – қарапайым қылмыскерсің! – деді ол. – Мұны мен сенің шебер татуировкаларыңа қарап түсіндім…

– Сонда бәрін білесің бе?

– Иә! Саяси тұтқындарда ондай татуировка болмайды. Ал паспорттар… олар менің барлық күмәнімді сейілтті. Егер шынымен қылмыскер болмасаң – сені бәрібір босатады!

Бәрі анық болды. Заңды шексіз қадірлейтін не өмірінен қорқатын біреудің әрекеті. Енді бәрібір. Екі жол қалды: не оған қарай тап беру – не терезеден секіру. Үшінші қабат, құрғыр! Денем дірілдеп кетті. Міне, саған түс! Есіңде болсын: мұндайды ешбір компьютер де болжай алмайды. Ол ештеңе білдірмеді. Ал мен болса, оның заттарды қарап отырғанын байқап едім ғой. Ақымақ!

– Тыңдашы… Мені жайыма қалдыр. Барлық затты ал, өзіңе қалдыр. Ант етем, сенің бір тал шашыңа да зиян келмейді. Ант етем! – дедім соңғы рет сөзбен тоқтатуға тырысып. Бірақ ол басын шайқап, «жоқ» деді. Сол сәтте мен алға ұмтылдым.

Бірінен соң бірі атылған екі оқ мені тоқтатты. Мен оның аяғының түбіне қарай құлап түстім. Ол еденге қарай атты, оқтың бірі батареяға тиді, екіншісі менің сол аяғыма қадалды. Мен ыңырсып, тісімді қайрадым.

– Атып таста мені. Немесе дұға оқы! Оқы!

Қан тоқтамай, құйыла берді, аяғым жансызданып қалды. Тіпті қозғалта алмадым. Бірақ сонда да еңбектеп, оған қарай жылжуға тырыстым. Бейкүнә көзі бар, сүйкімді, бірақ қатыгез әйелге…

– Қайда жасырынсаң да, жиырма жылдан кейін де тауып аламын! – дедім сырқаттанып. – Сен үлкен күнә жасадың, еш себепсіз саттың мені. Жақсы болса – өлтір мені! – Ернім дірілдеп, көзімнен жас сырғып жатты.

Ол жанымда үнсіз тұрды. Беті бозарып кеткен, көзі үрей мен өкінішке толы. Бірақ мен үшін енді оның еш маңызы қалмады. Мен ойша милицияның мені қалай азаптайтынын елестетіп үлгердім. Иә, енді менің мемуар жазуға уақытым болады! Тым көп уақыт. Тіпті бір әлемді түгел жазуға жетерлік. «Сен орыс Чейзі немесе Савинков болғың келді ме? Міне, ал! Байлықтан кейін нағыз нараға отырып көр. Бұл – жай кезбенің көрген күні емес. Сен бәрін жоғалтудан қорықпаймын дедің бе? Енді мүлде ештеңең болмайды. Қалағаның – осы еді ғой».

Бұл ойдың бәрі санамнан бір ғана сөз болып өтті: «Құдайым…» – дедім сыбырлап. Соңғы рет, бар шынайылығыммен. Соңғы рет… соңғы әйел… Бірақ бәрібір мен жалғыз емес едім – мен оны анық сездім.

Есікті қоңырау үндері жаңғырта бастады. Тағы, тағы… «Міне, иттер де келді», – деп ойладым да, бетімді еденге баса бердім.

Орысшадан аударған
Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру