Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында «Жайсаң» мыс кен орны орналасқан. Бұл кен орнын игеруді кен орнында мыс өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың иесі болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еншілес кәсіпорны – «ZhanashyrProject (ЖанашырПроджект)» ЖШС жүргізуде.
2020 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейін «УК-Спецремонт» ЖШС мердігерлік ұйымы күрделі тау-кен жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бір жарым жыл ішінде мердігерлік ұйым негізгі күрделі үңгілеу жұмыстарын атқарды және Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресімен кен аршуда ынтымақтастықта еңбек етуде. Айта кетейік, қаңтар айының екінші жартысынан бастап кен орнының екінші порталында трестің бригадасы жұмыс істейді, бригада үңгілеу бойынша жақсы нәтижелер көрсетуде.
Әрине, осы типтегі кеніштерді салу кезінде тау-кен жұмыстарымен тікелей байланысты емес көптеген мәселелер туындайды. Атап айтқанда, олар – іздестіру жұмыстарын жүргізу, жерүсті және жерасты объектілерін жобалау, экология, еңбекті қорғау, материалдық база қалыптастыру. Бұл мәселелерді шешу ісіне «Қазақмыс» компаниясы ерекше қолдау білдіріп келеді.
Ал бұл мәселелерді шешумен «ZhanashyrProject (ЖанашырПроджект)» ЖШС қызметкерлері айналысады. Кеніштің құрылысына жетекшілік ететін компанияда 10 адам еңбек етуде. Қызметкерлер «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кенішінен «Жайсаң» кен орнына дейін автожол және электрмен жабдықтау желілерін салу бойынша кең ауқымды жұмыстарға жетекшілік етеді, кен орнына экологиялық сүйемелдеу жүргізеді, кен орны мен салынып жатқан кеніштің барлық мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен байланыста болады.
Бұл жұмысты кәсіпорын директоры, Жезқазған өңірінің кеніштерінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар Алмаз Ізбасарұлы Түктібаев тікелей басқарады. Алмаз Ізбасарұлы тау-кен шеберінен бастап «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас жарушысына дейін өндірістің барлық сатысынан өтті. АлмазІзбасарұлы кәсіпорынның директоры болып 2021 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Осы қысқа мерзім ішінде кәсіпорынның тау-кен қазбаларын үңгілеу бөлігіндегі жетістіктері ауыз толтырып айтарлық, қыркүйектен ақпанға дейін үңгілеудің ай сайынғы қарқыны орта есеппен 30-40%-ке артты. Әрине, бұл жетістіктер жер астындағы үлкен еңбек тәжірибесінің нәтижесі.
Алмаз Ізбасарұлы кәсіпорын инженерлерінің жас буынына тәлімгерлікке көп көңіл бөледі, кәсіпорын өндірісінің күрделі сәттерін өзінің жас қызметкерлеріне түсінікті түрде түсіндіреді. Мысалы, «ZhanashyrProject (ЖанашырПроджект)» ЖШС-де бас инженер лауазымын 2020 жылғы қарашадан бастап Алдияр Серікұлы Қазкен атқарады. Алдиярдың «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-де және мемлекеттік қызметте, атап айтқанда Қарағанды облысы әкімдігінің тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту бөлімінде жұмыс тәжірибесі бар. Компанияның негізін жас қызметкерлер құрайды.
Жаңа «Жайсаң» кенішін пайдалану мерзімі шамамен 22 жылды құрайды. Кеніштің алдын ала жобалық қуаттылығы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кенішіне ұқсас жылына 600 мың тонна кен. Бұл кен 2023 жылы пайдалануға берілетін «Шатыркөл» кенішінің жанындағы жаңадан салынып жатқан байыту фабрикасында қайта өңделетін болады. Бұл кенді тасымалдау шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Фабрика, сондай-ақ, заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылып, жылына 1,2 млн. тонна кен өңдей алмақ.
Суретте: «ZhanashyrProject(ЖанашырПроджект)» ЖШС директоры АлмазТүктібаев.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.