Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025
- Бәрекелді!
0
Екі дүркін әлем чемпионы
70
БӨЛІСТІ
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айдос Ғалымов 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен Әлем чемпионатында қарсыластарын ойсырата жеңіп чемпиондық тұғырға көтерілген болатын. Міне, енді ол ақпан айының аяғында Үндістанның астанасы Делиде өткен дүбірлі додада екінші рет Әлем чемпионы атанды. Осылайша ауданның ғана емес, бүкіл еліміздің абыройын асқақтатқан боз кілемнің баҺадүрін жаңаарқалықтар ауданның кіреберіс қақпасынан салтанатты жағдайда үлкен құрметпен қарсы алды.

 Айдос қазақ күресін әлем деңгейіне шығарған КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтің алдын көрген спортшы. Ол күрес секциясына ең алғаш 8 жасында барған екен. Содан бері  Жаңаарқа спорт мектебінің Ерболат Қаракесеков, Мақсат Ахметбеков сияқты көптеген жаттықтырушыларынан тәлім алды. Кейінгі төрт жылдың бедерінде «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері Асылхан Бәрменовтің бапкерлігімен дайындалып жүр. Бүгінде өзі де Жаңаарқадағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып, шәкірттер тәрбиелеуде.

Айдос Ғалымов 2011 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қазақ күресіндегі чемпиондық атаққа 18 жасында қол жеткізген болатын. Ол дзюдо, самбо күрестерінен де спорт шебері. Дзюдодан жастар арасында Азияның қола жүлдегері, самбо күресінен Азия жеңімпазы. Қазақ күресінен 2013 және 2015 жылдардағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Әлем чемпионы болды. Атақты балуан 2015, 2016, 2017 жылдары үш жыл қатарынан «Халықаралық Еуразия барысы» турнирінің чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты. Ол 20-дан астам мемлекеттің 200 спортшысы қатысқан Әлем чемпионатында Грузия, Австрия, Румыния, Польша елдерінің мықты балуандарымен белдесіп, жеңіске жете білді.

Әлем чемпионын Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев қабылдап, аудан жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, ақшалай сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, балуанға серік болып, чемпионатта қолдау көрсеткен Халықаралық дәрежедегі төреші Медет Бозовқа да әкім қаржылай сыйлық табыстады.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші

10.01.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру