Сенбі, 21 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Отбасы өнегесі дәріптелді

10.10.2025
- Жаңалықтар
0
Отбасы өнегесі дәріптелді
76
БӨЛІСТІ
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесі «Адал азамат: кәсібилік пен даналықтың шыңы» атты салтанатты іс-шара өткізді. Отбасы берекесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараның тізгінін облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлбану Сейтжанова ұстап, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуда үлгілі отбасыларының орыны аса маңызды екеніне тоқталды.

Үлгілі отбасын құру қоғамда ерекше маңызға ие екені белгілі. Осыған орай Ассамблея аналары отбасылық дәстүрлі құндылықтарды сақтап, рухани-адамгершілік тәрбиені өрістету бағытында әртүрлі шараларға ұйтқы болуда. Осыған орай отбасы институтын дамытуда айтарлықтай орыны бар «Адал азамат тәрбиелеген отбасы», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» номинациялары арқылы үлгілі отбасыларына қолдау жасап, марапаттау шараларын өткізуді дәстүрге айналдырды. Игі бастамаға арқау болған шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Дәстүрлі шараға қатысты байқау комиссиясының қорытындысы бойынша «Алтын шаңырақ» номинациясымен Жезқазған қаласының тұрғыны Жакуповтар отбасы марапатталды. Жамкен ақсақал мен Бибатима әжей 67 жыл тату-тәтті ғұмыр кешіп 11 баланы дүниеге әкелген, оның тоғызын аман-есен өсіріп жеткізген өнегелі шаңырақ иесі. Бүгінде бұл берекелі әулеттен 24 немере, 35 шөбере тарап отыр. «Күміс кереге» номинациясына Қаражал қаласындағы Сатановтар отбасы ие болды. Үлгілі отбасының басшысы Жанат Сатанов 20 жылдан аса мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан азамат. Олар 3 баласын тәрбиелеп, қала тұрғындарына өнегелі істерімен танылған жанұя. «Адал азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясы Сәтбаев қаласынан Исаевтар отбасына табысталды. Ерлі-зайыпты Еркін мен Әлия 4 бала тәрбиелеп өсіріп, адамгершіліктің биік шыңына баули білуде. Олардың тұңғышы Айдана Еркінқызы биылғы 27 мамырда Жезқазған – Астана жолаушылар пойызында күтпеген жерден толғақ қысқан жолаушы ананы босандырып алып, ел алғысына бөленді. Жезқазған жоғары медициналық колледжін бітірген Айдана 2018 жылдан бері облыстық жедел жәрдем станциясында еңбек етеді.

Кеңгір ауылының «Ақ әжелер» ансамблінің әуезді әнімен әдіптелген шарада сонымен қатар Жезді кентінен арнайы шақырылған бір топ аналарға облыстық қоғамдық даму басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1745 бөлісті
    Бөлісу 698 Твитерге 436
  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    143 бөлісті
    Бөлісу 57 Твитерге 36
  • «Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

    674 бөлісті
    Бөлісу 270 Твитерге 169
  • Отбасы өнегесі дәріптелді

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

    98 бөлісті
    Бөлісу 39 Твитерге 25
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру