Бейсенбі, 12 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Өндірістің үздік жастары

10.01.2025
- Өндіріс және өмір
0
Өндірістің үздік жастары
101
БӨЛІСТІ
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәтбаев қаласының әкімдігінің қолдауымен жыл сайын әр салада еңбек етіп, жетістігімен үздіктер қатарынан көрінген азаматтарға «Жыл үздігі-2024» марапаттау салтанаты өткізіліп келеді.

Бұл дәстүрлі шарада «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған аймағындағы кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген жастар да құрмет төрінен көрініп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірнеше өндіріс жастарын Сәтбаев қаласы әкімінің марапатына ұсынған болатын.

«Өз саласының үздігі-2024» аталымында топ жарғандардың қатарында «Жыланды» кенішінің еңбеккері Дмитрий Ковальчук, «Жомарт» кенішінен Нұрсұлтан Байқонғоров, Ғазиз Омар атындағы шахтапроходкалау тресінен Нұрсұлтан Есімбай, Оңтүстік жезқазған кеніші № 45 шахтадан Инаят Транов, электр желілері кәсіпорнынан Ермек Нысамбаев, «Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-нен Мария Алькебаева, бірыңғай қойма шаруашылығы мекемесінен Эльвира Сейткенова үздік деп танылды. Сонымен қатар жылу, энергетика кәсіпорынан Гүлнұр Дүйсенбекова, «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нен Ринат Құдабаев пен тау-кен, шахта жабдықтары зауытынан Алмас Иманбердиев үздіктер сапынан көрінді.

Кенді шаһар басшысы Мұрат Бөрібаев өндірістің өркендеуіне атсалысқан жалынды жастарға алғысын білдірді. Аталған аталым иелеріне 100 мың теңге көлемінде сыйақы тапсырылды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Біліктілер біріккен бригада

    Біліктілер біріккен бригада

    94 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Айткүл Махметова, желтоқсан көтерілісіне қатысушы: «Көңілде мәңгі сыз қалды»

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • Спортты серік еткен Жансая

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • Зауыттың әлеуеті арта түсуде

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Бытовое насилие — проблема, которая требует общей ответственности

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру