Қабылданған міндеттемелерге сәйкес, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 2025 жылдың басында жұмыскерлердің жалақысын индекстейді. Индекстеу 2024 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ресми белгілеген инфляция деңгейіне сай жүзеге асырылады.
Жалақы 8,5 %-ға өскенде (2025 жылға арналған инфляцияның болжамды деңгейі) тұтас «Қазақмыс» корпорациясы бойынша орташа жалақы – 822 000 теңгені (2024 жылы 730 431 теңге), жерасты жұмысшылары үшін – 1 303 000 теңгені (2024 жылы 1 202 000 теңге) құрайды.
Әлеуметтік жауапты жұмыс беруші ретінде корпорация өз қызметкерлерінің қаржылық әл-ауқатын қолдауға бағытталған бағдарламаларды енгізе отырып, оларды әлеуметтік қорғау шараларын кезең-кезеңімен іске асырады.
Сонымен қатар 2026 – 2029 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт әзірлеу аясында «Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік пакетке келесі жақсартуларды ұсынды:
– санаторлық-курорттық емдеуге материалдық көмек пен өтемақы мөлшерін ұлғайту;
– ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қосымша жеңілдік енгізу, оның ішінде 954 адамды қамти отырып, мүгедектігі бар балаларды оңалту;
– балалар лагеріне жіберілетін балалар санын 1500 адамға дейін ұлғайту (қосымша 200 бала);
– ерікті медициналық сақтандыру ұсынылатын жұмыскерлер тобын кеңейту. Қосымша қалыпты еңбек жағдайында жұмыс істейтін 13 500-ге жуық адам (2024 жылы 31 000, қызметкер, 2025 жылы 44 500, бұл штат санын 100 % жабуды қамтамасыз етеді) бір адамға есептегенде жылына 2,5 млн теңге жалпы сақтандыру сомасымен қамтылады.
Бұл бастамалар корпорацияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын және қызметкерлер мен олардың отбасыларының еңбек жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.