Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
- Өндіріс өрісі
0
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда
105
БӨЛІСТІ
292
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қарағандытүстімет» ӨБ бірлестігіне қарасты «Нұрқазған» байыту фабрикасында іргелес қоныстанған «Нұрқазған» кенішінен шығатын кенді байытудың көлемін арттыру мақсатында ірі жобалар жүзеге асуда.

«Қазақмыс» компаниясы басшылығының қолдауымен аталған өндіріс нысанының ұсақтау кешенін ұлғайту қолға алынды. Бүгінгі таңда осы жоба бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Оған Қарағанды өңіріне барған сапарымызда көз жеткіздік. «Нұрқазған» байыту фабрикасының тізгініне ие болған Дияр Башимовпен жолыққанда ұсақтау кешенінің жай-жапсарын білген болатынбыз. 

–Дияр Дарханұлы, байыту фабрикасының басшылығына қашан тағайындалдыңыз? Бұған дейін қандай қызметтер атқардыңыз? Мамандық бойынша қандай оқу орнын аяқтадыңыз?

– Бұл қызметке биыл тамыз айында тағайындалдым. Бұған дейін «Нұрқазған» байыту фабрикасының бас инженері, Жезқазған байыту фабрикасының бас байытушы қызметтерінде болдым. Ресей Федерациясының Орлай мемлекеттік тау-кен университетінде пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша білім алдым.

– Өзіңіз келген уақыттан бері байыту фабрикасының ұсақтау кешенінің көлемі ұлғаюда екен. Бұл жоба қашан басталған? Жобаны іске асырушы кімдер? Құрылысын қандай компания жүргізді?

– Бұл жоба 2020 жылы қолға алынған болатын. Қазіргі таңда жобаны іске қосу жүзеге асырылуда. Қазір өндірістік технологияны игеру үдерісі жүруде. Құрылысты «Алтын алмаз инженеринг» компаниясы іске асырды.

– Ұсақтау цехының құрамындағы телім қанша корпустан тұрады?

– Бұл ұсақтау цехы ұсақтау, ірілеп және майдалап ұсақтау корпустарынан тұрады.

«Нұрқазған» байыту фабрикасының директоры Дияр Башимов

– Жалпы бұл жобаға қанша қаражат кетті?

– «Нұрқазған» байыту фабрикасындағы ұсақтау кешенінің қуаттылығын арттыруға «Қазақмыс» компаниясы басшылығы ерекше мән беріп отыр. Бұл жобаның нәтижелі болуы үшін 42 млн. доллар көлемінде қаржы бағытталды.

– Ұсақтау телімін ашу арқылы қандай тиімділікке қол жеткізуді көздеп отырсыздар?

– Бұл телімнің ашылуы арқылы біз өндірстік көрсеткішті көтеруді көздедік. Қазіргі таңда жылына 3 млн. 700-800 мың тонна кен байытамыз. Осы ұсақтау кешенін іске қосу арқылы оның көлемін 4 млн 200 мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз.

– Аталған телімге қандай қондырғылар алынды және қай елдің жабдықтары?

– Мұнда қондырылған жабдықтардың барлығы еуропалық компанияныкі. Бұл жабдықтар барлық стандарттарға сай келеді. «Metso» деп аталатын компанияның «Metso GP 500» ұсақтау қондырғыcынан бір дана бірінші сатыда кен ұсақтаса, «Metso HP500» жабдығынан алынған екі дана екінші санатты ұсақтауды жүзеге асырады. Майдалап ұсақтау қондырғысынан алынған «Metso MF3085-2» технологиясы фабриканың толық көлемге шығуына ықпал жасайды.

Ұсақтау телімінің жаңа корпусы

– «Нұрқазған» байыту фабрикасын дамытудың стратегиялық даму жоспарына тоқталсаңыз. Болашақта қандай жоспарлар бар?

– Жалпы, «Нұрқазған» байыту фабрикасын дамыту 2050 жылға дейін қарастырылған. Бұйырса 2026 жылдан бастап фабриканың кен ұсақтау көлемін жылына 4 млн 500 мыңға дейін көтеруді өзімізге мақсат етудеміз. Бұл үшін екі ұсақтау және бір майдалап ұсақтау қондырғысын алу жоспарға енгізілген. Сонымен қатар, байытушылардың өнім құрамындағы сапаны арттыру көрсеткішін арттыруға жұмыс істейміз. Бүгінгі таңда кендегі мыстың құрамы 91 пайызды құраса, келешекте фабрикаға алынатын үш жаңа технологияның арқасында оның деңгейін 94-95 пайызға дейін жеткізу мүмкіндік болмақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру