«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрамындағы Жезқазған мыс қорыту зауытының балқыту цехында № 1 карусель құю машинасындағы негізгі жабдықтар ауыстырылды.
Инвестициялық жоспар аясында анодты түсіргіштері бар жаңа салқындатқыш ванналар орнатылды. Салмақ өлшейтін құрылғылар жаңартылды. Бұл жабдықтар 1996 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл жобаларды тау-кен және металлургия саласына арналған технологияларды әзірлеудің көшбасшысы болып отырған «Метsо Outotec» фин компаниясы жасаған.
Жабдықтарды ауыстыру нәтижесінде зауыт салмағы 250 келі анодтарды біркелкі құюды қамтамасыз етуге, электролит цехында анод қалдықтарының салмағын төмендетуге және жоспардан тыс қалдықтарды азайтуға және өндіріс сапасын арттыруға қол жеткізеді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.