«Жыланды» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «JastarBolashaq» Жастар одағының белсенді мүшелері қайырымдылық шараларына белсене ат салысуда.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, көмек беруге бұл жолы қос ұйымның белсенді мүшелері, жалынды жастар Д. Жанов, Н. Бекмырза мен И. Ягодкин үлес қосып, көпбалалы анаға азық-түлік жиынтықтарын табыстады. Кеніште еңбек ететін кәсіподақ пен Жастар одағы ұйымының белсенділері бұл шараны алда дәстүрге айналдырмақ.