Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен кеніш әкімшілігі «Кенші даңқы» төс белгісінің толық иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, саналы ғұмырының 48 жылын кен өндірісіне арнаған Болат Ермұхановты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Болат Орынбекұлы 1974 жылдан аталмыш кеніште еңбек етті. №65 шахтада телім басшысы болып ұзақ жыл қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде Болат Ермаханов басқарған ұжым жоспар орындауда үнемі көшбасынан табылды. Ол басшылық жасаған №17 телімнің өндірістік көрсеткіштері жоғары бағаланып, бірнеше озаттың аты шықты.
Қуаныш иесінің осы еңбегіне кеніш директоры ДаниярЖаналинов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмаз Қоңырқұлжинов алғыс білдіріп, марапаттады