Қоғам дамуына қосқан адал еңбектің бағаланғаны кімге болса да қуаныш сыйлары даусыз. Өндіріс саласында айрықша сүбелі үлесі бар азаматтарды ұлықтап, мәртебесін асқақтату мемлекеттің қарапайым еңбек адамына деген құрметін білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сай Республика күнінде біздің аймақтан әр саланың бір топ қызметкері мемлекеттік марапатқа қол жеткізген болатын.
Солардың қатарында «Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС слесарі Әділ Сейтжанов та бар. Әділ Қуанышұлы аталған кәсіпорында 27 жыл еңбек етіп, «Еңбек даңқы» орденіне ие болды. Атап өтейік, бұл орден «Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС еңбеккерлеріне берілген алғашқы орден.
Суретте: Әділ Сейтжанов отбасымен.