«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ қарасты мамандандырылған құрылыс-механикалық басқармасы Жезқазған өңірінің өндіріс ошақтарындағы жабдықтарды қалыпқа келтіруде теңдессіз құрылым болып табылады.
Бұл басқарма құрамындағы 8 телімнің шахталар мен байыту фабрикасында, Жезқазған мыс қорыту және құю-механикалық зауыттарында жұмысы жақсы жолға қойылған.
Қазіргі күні Жезқазған мыс қорыту зауытында Самат Нәсенов басшылық жасайтын № 4 телім балқыту цехының кен-термиялық пешін қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуде. Телімнің атқарып жатқан істеріне біз де куә болып қайтқан едік.
Суретте: Солдан оңға қарай «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Алтынбеков, басқармадағы техникалық бөлімнің жетекші инженер-технигі Нұрғали Асылов, электр-газбен дәнекерлеуші Нұрлыбек Мәмбетов, аға шебер Омар Отызбаев, телім басшысы Самат Нәсенов, слесарь-жөндеуші Айдын Қойшыбаев, электр-газбен дәнекерлеуші Жоламан Қожахметов.