Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

«Бұл күннің мәнін әрбір ұрпақ терең түсінуі қажет»

25 қазан – Республика күні

24.10.2024
- Мерей
0
«Бұл күннің мәнін әрбір ұрпақ терең түсінуі қажет»
84
БӨЛІСТІ
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің шешімімен Қазақстан Егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басып, жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы бар елге айналып, Қазақстан Республикасы бой көтерді. Өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, мемлекеттік Туы мен Әнұраны бар жеке ел болып әлем картасында орын алды. Осының мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек, дейді қаламыздың қадірлі ақсақалы, «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық қорының төрағасы, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы – Төлеген Бүкіров.

– Республика күні дегенде ойыңызға не оралады? Елдің қай жетістігін атап өтер едіңіз?

– Республика күні – біздің жалғыз ұлттық мерекеміз. Бұл мерекенің өзі де қазақтың тағдыры сияқты жолды кешіп өтті: әуелде мерекеленіп, сонан соң мерекелер күнтізбесінен алынып тасталды.

Олжамыз сол – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайдың бірінші жиынында аталмыш мерекенің маңызына баға беріп, оны ұлттық мереке ретінде тойлауды тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Меніңше, Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның туған күні. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – жер бетінде азат, еркін, тәуелсіз, өз тағдырына өзі ие Қазақстан деген мемлекеттің ту көтергенін айқындайтын құжат.

Қазақстанның бірінші жетістігі – осы құжаттың қабылдануы, екінші көрші елдермен шекараны анықтап, бекітуі. Өз астанасын айқындап, өзге жұрт назарын аударған Астана дейтін жаңа қаланың пайда болуы. Қазақстан деген ел бар екенін БҰҰ таныды, әлемнің басқа мемлекеттері таныды, барша жұрт әл-Фараби, Иассауи, Абай сияқты адамзаттық сана деңгейіне көтерілген тұлғалар туған топырақ екенін мойындады.

– Сіздің пайымыңызша, Отансүйгіштік деген не?  Елдің патриоты саналуы үшін жас ұрпақ қандай құндылықтарды ұстануға тиіс?

– Тәуелсіздік – отанын жанындай сүйіп, қадірлейтін, қастерлейтін ұрпақтың болуымен баянды болатын аса құнды, аса нәзік бақыт. Бұл – ел бақыты. Ал елдің, ұлттың бақыты жеке бастың бақытынан биік тұруы керек. Жайлы қоныс іздеп, табысы мол елді сағалап, сырт жұртта дәулетті тұрмыс кешіп жатқандарды отансүйгіш дей аламыз ба? Кезінде Әлихандар, Ахметтер, басқа да Алаш арыстары шекара асып, басқа елге кетіп қалуына болатын еді ғой. Жоқ, олар өз топырағында жүріп күресті, өз топырағында қалды.

Топырақ, топырақ иісі – киелі нәрсе. «Сол топырағымды пейілі дұрыс емес бөтен жұртқа басқызбаймын, ол топырақтың әр түйірі мен үшін алтыннан да бағалы» деген жүректің байламы, міне, отансүйгіштіктің белгісі осы. Дұшпанына астындағы атын, қойнындағы әйелін беруге көнген Мөде хан енді басынған жау жерін сұрағанда атқа мініп, қалың қолын қозғалтып, соғысқа шыққанын тарихи жазбалардан оқып білдік. Міне, отансүйгіштіктің биігі осы. Бұл қасиет біздің қанымызда бар, сүйегімізге бекіген.

Қазақ деген халықтың өзгелерден ерекше қасиеттері, мінезі, ұстанымы бар. Ол – тағдырлы ұлт. Өмірдің небір сұмдықтарын бастан өткерген. Өмірдің өкпек желі, дауылы, дүлей толқыны құртып жібере алмаған Қазақтың итжандылығы неде? Біз осы қасиеттерді танып, оны жас ұрпаққа дарыта алсақ, патриот ұл мен қыз сонда ғана мәңгілік ел болып ғұмыр кешудің байрағын қолына алады.

Тілінен жеріген, ұлттық құндылықтарын аяқасты етуден шімірікпейтін ұрпақтан ештеңе күтуге болмайды. Меніңше, құндылық мынау: туған жер, ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, ғұрып, бабалардың өсиет-сөздері, «Мен қазақпын» деген асқақ рух.

– Еліміздегі басты жетістік не деп айтар едіңіз?

– Дүние дүбірге толып кетті. Әр жерде соғыс, қантөгіс. Аңыраған ана, жылаған бала, қираған үй, отқа оранған қала. Босқындар тағдыры ойландырады. Атом қаруы бар мемлекеттер адамзаттың үрейін алуда.

Аллаға шүкір, біз ол сұмдықтан аманбыз. Меніңше, республикамыздың басты жетістігінің өзі осы – тыныштық, бейбіт өмір, қасірет жауған жамандықтан аман болғандығымыз. Алла елімізге береке-бірлік, бейбіт тірлік, өркендеп дамуды нәсіп етсін.

Мереке Құтты болсын!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Ай НУРИ.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру