Сенбі, 7 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Алғашқы қос «алып»

25.02.2022
- Өндіріс өрісі
0
Алғашқы қос «алып»
81
БӨЛІСТІ
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кен өндіру қашан қолға алынса, оны жетілдіру мен жеңілдету жолы содан бері үзіліссіз іздестірілуде. Жезқазған шахтасы шетелдік және отандық кен жабдығын өндірістік сынақтан өткізудің нағыз орталығына айналды. 1956-1965 жылдардың өзінде өздігінен жүретін кен жабдығының сексеннен астам түрі сынақтан өткізіліп, отандық 18 үлгісі өндіріске енгізіліпті.

Ал, алғашқы алып шахта қатарға қосылған алпысыншы жылдардың екінші жартысынан кейін бұл бағытта бірегей батыл қадам жасалды.

№55 шахта

1965 жылы қыркүйекте №55 шахта пайдалануға берілді. Әңгіме оның өндіріс ауқымында емес еді. Онда КСРО кен өндірісі өнеркәсібінің тарихында тұңғыш реет өздігінен жүретін қуатты жабдықты басқарудың бірегей жүйесін қолдану арқылы автоматтандырылған технология игерілді. Бұл шын мәнінде «Техникалық төңкеріс» ретінде бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Әрине, «техникалық төңкеріс» тақыр жерде жасалған жоқ. Өздігінен жүретін жабдықты қолданып тереңдігі 400-600 метрге дейінгі тік оқпан өту арқылы шахтаны кен өндірудің жаңа технологиясына көшіру туралы ұйғарым 1956 жылы жасалды.

Бәрі бірдей күткендегідей болған жоқ. Тәжірибе тірнектеп жиналды. №№44, 45, 51 шахтада ұйымдастырылған эксперименттік учаскеде өздігінен жүретін жабдықтың тәжірибелік үлгісі сынақтан өткізілді. Сәтсіздік те ұшырасты. Тіпті кейбір жабдықтың бастапқы нұсқасын пайдаланудан бас тартуға тура келді.

Қалай болғанда да, басталған іс аяқсыз қалмай, байыпты жүргізілген сынақ баянды жалғасын тапты. №55 шахта іске қосылған кезде өздігінен жүретін бірқатар кен жабдығы кешенінің технологиялық жүйесі негізінен қалыпқа келтіріліп, параметрі мен өнімділігі анықталған еді.

Алайда, шығармашылық ізденіс ешқашан бір орынды шиырлап, тоқырап қалған емес. Мұнда шетелде жасалған бірнеше бұрғылау кареткасы, кен тиеу қондырғысы, тасымал транспорты өндірістік сынақтан өтті. Кемшін жатқан тұсы дер кезінде анықталып, жасаған зауыт маманымен бірлесіп жетілдірілді.

…Бұрын кенішке жол түссе, шыңырауда шабытты еңбек күйін шерткен кеншімен кездесуге асығатын едік. Бұл жолы №55 шахтаның көкке ұмтылған мұнарасының ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, тамашалауға аңсар ауа берді. Шағын серуенді шахта мұнарасының ең жоғарғы қабатынан бастадық. Оның жалпы биіктігі 94 метр екен. Біз соның 84 метрлік нүктесінде тұрмыз.

Мұнда ешкім көзге түсе қоймады. Әртүрлі механизм мен қуатты генератор ғана дамылсыз зырылдап тұр. Шахтаға адам түсіріп-шығаратын лифтіні, өндірістік үдеріске қажетті технологиялық жүкті жер астына жеткізіп, өндірілген кенді қыр үстіне шығаратын екі скипті қозғалысқа келтіретін солар.

Ал, барлық қимыл-қозғалысты мұнараның 53-нүктесіндегі оператор бөлмесінен бір-ақ адам басқарады. Іші кең әрі жарық. Әр алуан электронды жабдық орнатылған. Ақжелең жамылған еліктің лағындай көрікті келіншек аспап-құралды бақылап отыр. Оператордың міндеті – қозғалысты қадағалау. Анда-санда қарсы алдындағы көгілдір мониторға көз тастап қояды.

Одан скип мен лифт жүретін жолдың кез келген тұсынкөруге болады. Техника болғасын бұзылмай тұрама, ондайда оператор тиісті қызметке хабарлап, шұғыл шара қолданады. Немесе скиптегі кен толық төгілмесе, басқару пульті арқылы оның қақпағының кең ашылуын қамтамасыз етеді.

Бұл мұнарада қол күшіне қарап тұрған ешқандай шаруа жоқ. Бұрын тоғыз адам атқарған ауқымды жұмыстың тізгіні бүгінде бір операторда. Көзбен көрген керемет көрініс, құлақпен естіген әңгіме айтарлықтай айырықша әсер қалдырды. Технологияның осындай тегеуірінді құдіретіне жеткенше қаншама тер төгілді десеңші?!

№55 шахта аймаққа келген қадірлі қонаққа көрсететін керемет кәсіпорынға айналды. Бірде Мәскеудің бірнеше академигі армансыз аралаған. Көргенін бейнетаспаға түсіріп алған. Қоштасарда қолды қайта-қайта қысып: «Бірегей технологияға негізделген мұндай кешенді бұрын-соңды кездестірмедік» деп, таңданысын жасырмаған.

№57 шахта

1967 жылы шілденің аяғында Жезқазған кен-металлургия комбинатының №57 шахтасы пайдалануға берілгендігі жөніндегі актіге мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелері қол қойды. Ол Кеңестер Одағы үшін мерекелі жыл еді.  Ұлы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына ел қызу әзірленіп жатқан.

Сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша мұндай елеулі мереке құрметіне маңызды нысан қатарға қосылатын, қабылданған көтеріңкі социалистік міндеттеме мерзімінен бұрын орындалғаны туралы еңбек рапорты беріліп жататын. Мерекелі жылы пайдалануға берілген сондай маңызды нысанның бірі осы №57 шахта болатын.

Бұл шахта өзінің жарты ғасырдан астам тарихында екпінді еңбек жылнамасының небір жарқын бетін жазды. Кез-келген кәсіпорынның терең тамырлы тарихынжасайтынқарапайымадам, бірнеше буынды біріктірген жасампаз ұрпақ. №57 шахтаның да жарқын жылнамасы бастау алған қайнаркөзі – кенші.

Даңқты жылнама қажырлы кеншінің қайрат-күшімен жарасымды жалғасын тапты. Шабытты еңбектің шалқар екпінімен шыңыраудан шұрайлы шикізат өндірген олар Отанға адал қызмет етудің өмірлікө неге-үлгісін көрсетті, азаматтың ажарын айқындайтын адамгершілік биік қасиетті мұра етіп қалдырды.

Сонау жетпісінші жылдары елімізде «мыңшылар қозғалысы» кең өр ісалды. Кейінгі жастар біле бермейтін ол қозғалыстыңм әні – бригада тәулігіне бір мың тонна кен өндіру болатын. Кенді өңірде ол бастамаға алғашқылар қатарында №57 шахтада Роман Петрович Расновскийдің бригадасы үн қосты.

Қайырлы қадамды Т. Танабаев, А. Әбдіраманов, А. Клюшенко, А. Құттыбаевбасқарған бригада қызуқуаттады.  Забойшылар бригадирі Н. Макаровтың есімі тіпті Одаққа танылды. И. Луканович, Ю. Селиванов, С. Төлепбергенов, П. Аристов алқалы жиында жиі құрметпен аталды. Сіңірген еңбек, төгілген тер текке кетпей, «кеншілер патшалығының» талай танымал тарланы лайықты марапатталды.

«Мыңшылар қозғалысының» тура осы шахтада қызу қолдауға ие болуы тегін емес еді. Мұның алдында қатарға қосылған №55 шахтада көптеген өздігінен жүретін қуатты кен жабдығы өндірістік сынақтан сәтті өтіп, жаңа шахта жаппай сондай жабдықпен жарақтандырылды. Оның үстіне кен өндірудің тиімді тәсілін игеру бағытында кең көлемді іргелі ізденіс қанат жайды.  Қозғалыстың солай сонны сипат алуына жайлы жағдай жасалды.

Сексенінші жылдары «мыңшылардың» жаңа легі жарыққа шықты. Әбдіқадыр Тұрсынов, Құрманғазы Жангелдинов, Тобылжан Табысов сынды кейінгі буын басқарған сайдың тасындай жігіттер «мыңдық» межеден де асып түсті. Тәулігіне 1500 тонна кен өндіруді қамтамасыз етті. Алдыңғы толқынның игі ісін кейінгі түлек сәтімен жалғастыруда.

Жаңа ғасырда кеніш қақпасын қағып, табалдырығын аттаған жастардың арасында да келешегінен үміт күттіретіні жеткілікті. Ұдайы өткізілетін дәстүрлі «Үздік жас жұмысшы» байқауынан «шығыстықтар» шетқақпайқалып көрген емес. Кеніштің көгінде жарқырайтын жаңа жұлдыз солардыңарасынан шықпасына кім кепіл?!

№57 шахта құрамына кіретін Шығыс Жезқазған кеніші былтыр тәп-тәуір өндірістік көрсеткішке жетіп, барыс жылын берекелі бастады. Еңбек бәсекесінде кеніштер арасында көшбастап жүр. Кәсіпорын алдына қойылған міндетті ойдағыдай орындаудың сенімді кепілі – барды байыппен бағалауға және сонны шебер пайдалануға қабілетті кәсіпқой ұжым қалыптастыру. Шахта басшылығы мұны ешқашан естен шығарған емес.

Әлібек ӘБДІРАШ.

СӘТБАЕВ қаласы.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру