Биылғы қазан айының орта тұсында Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. 55 салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салған жарысқа Ұлытау спортшылары да қатысты.
Өзге елге барып, өз елінің байрағын көкке көтеру қай спортшының болмасын арманы екені рас. Ал, жастар арасындағы әлем чемпионаты спортшы үшін ең басты бәсекелердің бірі саналады. Ларнака қаласында өткен әлем біріншілігінде өңір саңлақтарына екі бірдей жүлде бұйырды.
Абылайхан Алшымбек 88 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алса, Дінмұхамбет Дінисламов +98 келі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Туған елдің намысын жоғары ұстап, туған жерге табаны тиген жас жүлдегерлерді жерлестері құрметпен қарсы алды.
Екі балуанды әлемдік додаға дайындаған бапкер, самбодан аға жаттықтырушы – Береке Отыншин.
Айта кету керек, жас спортшылардың бұл бірінші жеңісі емес. Талай бәсекеде топ жарып жүр. Осы жарысқа дейін Азия чемпионатынан жеңіспен оралған еді оғландар.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.