«Қазақмыс» Балқаш – Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау және тұрақты дамыту жолында бірқатар шаралар жүргізуде. Бұл туралы компанияның тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Қазақстан Республикасы су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесінің отырысында мәлімдеді.
– Балқаш қаласының қала құраушы компаниясы ретінде «Қазақмыс» әлемдегі ең үлкен көлдердің қатарында 13-орында тұрған ерекше көлдің жағдайына алаңдап отыр. Зерттеулерге сәйкес, Балқаш көлі тиісті шаралар қабылданбаса, 2045 жылға қарай Арал теңізінің тағдырын қайталап, су ресурстарының 86%-ын жоғалтуы мүмкін, – деді Сәкен Шаяхметов өз сөзінде.
Осы факторды ескере отырып, компания Балқаш өңірінің экожүйесін сақтау және тұрақты дамыту бойынша бірқатар шараларды қолға алып отыр. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айында қалада саясаткерлер, халықаралық институттар, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Су-климаттық форумы өтті.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» тұрақты даму стратегиясы мен ESG принциптерін жүзеге асыру аясында су ресурстарын тиімді басқару стратегиясын әзірлеуде. Бұл стратегия су тұтыну бойынша ағымдағы деректерді және суды пайдаланудың салдарын азайтудың тиімді механизмдерін ең үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қамтитын болады.
Өз сөзінде Сәкен Шаяхметов компанияның ғылыми мекемелермен және су саясаты жөніндегі халықаралық сарапшылармен бірге Балқаш көлінің экожүйесін сақтау үшін тиімді құралдар әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесін талқылап жатқанын атап өтті.
– Өнеркәсіп секторын, мүдделі мемлекеттік органдарды және халықаралық қауымдастықты Қазақстанның өнеркәсіптік секторындағы су ресурстарын басқарудың кешенді құралдарын әзірлеуде бірігуге шақырамын, – деп түйіндеді өз ойын Сәкен Шаяхметов.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.