Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Отыз жыл – бір салада

25 тамыз – Кенші мен байытушы күні

23.08.2024
- Мерей
0
Отыз жыл – бір салада
86
БӨЛІСТІ
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жерінің асты қазба байлыққа толы Жезқазған өңірінің пайдалы қазбасын ел ырысына жарату жолында мыңдаған кенші жетіқат жер астында тер төгуде. Кенші болу батылдықты, еңбекке деген сүйіспеншілікті талап етеді. Осы қасиетБтер бойыңнан табылғанда бұл мамандықты толық игеріп кетуге болады.

ұл – кәсіби тұрғыдан шыңырауда шыңдалған кейіпкерімнің осы салада жүріп түйген ойы. Қуанышбек Ыбырақымның еңбек кітапшасында 2005 жылы «Батыс» кенішінің № 73 шахтасына бұрғылаушының көмекшісі болып жұмысқа қабылданды деген жазба ғана бар. Міне, содан бері 30 жыл уақыт өтіпті. Тапжылмай бір телімде, бір бригадада еңбек ету төзімділік пен мамандыққа деген ынтаның ерекше екендігін байқатады. Қуанышбек Байыршаұлы бұрынғы Қарақұм ауылы, қазіргі Қоскөл станциясының тумасы.

Ауыл баласы кез-келген шаруаның жігін жатқызып, ептілігімен көзге түсті. Бұрғылаушының көмекшісі бола жүріп, кен бұрғылаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Ол білікті бригадир, еліміз егемендік алғанан бергі тұста кеншілер арасынан жалғыз Қазақстанның Еңбек Ері атанған Тұрсынбек Мақышевтің бригадасында жүріп, шыңдалды.

Қазір кен үңгілеудің шебері. Отыз жылда жинаған тәжірибесі Қуанышбек Байыршаұлын ұжымда белеске көтерді. Білікті үңгілеуші атанды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

– Уақыт легі жылжып, адымдай алға басып келеді. Шахта дейтін әлемге күне кеше ғана келгендей едік, зымырап 30 жыл өтіпті. Мен мұнда келгенде өз бауырларындай, тіпті, үлкендер балаларындай қарсы алған кез болды. Әсіресе, тәлімгерім Тұрсынбек Шамбылұлының көзқарасы ерекше болды. Ол кісінің тәжірибесі мен үшін үлкен мектеп болды. Кенді қауіпсіз үңгіп алу, техниканы дұрыс бағыттай білу сынды әдістерді жалықпай үйретті, – дейді Қуанышбек Байыршаұлы.

Отыз жыл бір салада еңбек көрігін қыздырып жүрген Қуанышбек Ыбырақымның кен өндірудегі жетістіктерін кеніш, корпорация басшылығы жоғары бағалады. Оны ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісіне лайық деп танып, марапаттады. Салаға қосқан еңбегі осылай бағаланды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру