Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Мамандығын мақтан еткендер

25 тамыз – Кенші мен байытушы күні

23.08.2024
- Мерей
0
Мамандығын мақтан еткендер
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Көне де жаңа кәсіптің қатарында кенші мамандығы жиі аталады. Көне дейтініміз, ерте дәуірлерде еліміздің кей аймақтарында, соның ішінде осы Ұлытау өңірінде,  жерді үңгу тәсілдері арқылы кен алған шахталардың болғаны сөзіміздің дәлелі.  Ал, сол кәсіптің жаңа ғасырда жетіліп,  кен өндірудің тың технологияға бейімделуі жаңашылдығын аңғартса керек. Осы кәсіптің тілін тауып, шыңырауда жүрген азаматтардың қай-қайсы болсын мамандықтарын мақтан етеді. 

Оңтүстік Жезқазған кенішінің қарамағындағы № 65 шахтада  бұрғылаушы әрі бригадир болып жүрген Қабиден Қабаев кеншілер әулетінен шыққан жан. Оның әкесі Болат  Оралбайұлы Қаражал шахтасында отыз жыл кен қазған кенші болды.  Өзі де әке жолымен жүріп, осы кәсіпті меңгерді.  Қабиден Болатұлының кітапшасына алғашқы жазба 1985 жылы түсті.  Қаражал шахтасы Қабиден Қабаев үшін  кен алудың тәсілдерін меңгерткен үлкен мектеп болды.

Тоқырау тұсында шахтаның тағдыры да беймәлім күйге түсті. Осы тұста Қабиден Болатұлы кеншілер қаласына қоныс аударып, тау-кен, шахта жабдықтары зауытына жұмысқа орналасты.  2006 жылға дейін темір жонушы болды. Ұжымға сіңісіп кетті. Дегенмен алғашқы кәсіптің жөні бөлек, оны шахтаға тартып тұрды.  Қайтадан шахтаға бет алды.

Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасындағы № 14 кен өндіру теліміне бұрғылаушының көмекшісі болып жұмысқа қабылданды. Қабиден Болатұлына Валера Мишин тәлімгерлік жасады. Қаражал шахтасындағы тәжірибесі  тәлімгердің қатты сүйемелдеуін де қажет етпеді. Аз уақытта бұрғылау станогының тілін меңгеріп алды.  Кейін оның тізгінін ұстады.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

– Шахта дейтін үлкен бір әлем ғой. Екінші үйіміз десем де болады. Жастайымнан осы кәсіппен шұғылданғандықтан маған ыстық.  Бұрғылаушының көмекшісінен басталған мамандықта сатылай өстім. Қазір бұрғылаушылар бригадасына жетекшімін. Тәлімімнен өткен Абылай Әбілғазин, Райым Әуез сынды шәкірттерімнің бет алысына қуанамын, – дейді Қабиден Болатұлы.

Әкеден балаға мирас болған кәсіптің тілін тапқан Қабиден Қабаевтың қызы Назира мен апасы Күлпан да кен өндіру саласында тер төгіп жүр. Апасы «Анненск» шахтасында, қызы Батыс кенішінің №73 шахтасында оператор.

Бүгінде білікті бұрғылаушы атанған Қабиден Қабаевтың ұжымдағы беделі асқақ. Бұл дәрежеге ол өзінің ақ адал маңдай терімен жетті.

Суретте: Қабиден Қабаев
зайыбы, немерелерімен.

***

 

Қазақмыс» корпорациясының геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде өмірге келген біздің өңірде кен қорына бай «Жыланды» кеніші «Сары-Оба» шахтасының әлеуеті зор. 60 млн тонна кен қоры бар кен орнының алғашқы қадасы 2016 жылы қағылған болатын.

«Сары-Оба» шахтасындағы кен көзін аршып, алу жұмыстарына жан-жақтан білікті мамандар тартылды. Мен сөз еткелі отырған келесі кейіпкер сол шахтаның алғашқы қадамына куә болған азамат.

Қуатбек Алтаев бұған дейін Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасында жүріп, кен бұрғылау жұмысына жетілген. Арада 10 жыл салып, жаңа кен орнына түрен салу бақытына ие болды.

– Біздің шахтадан 8 инженер-техникалық құрамдағы қызметкер және мен қарапайым жұмысшы ретінде осы шахтаға жіберілдік. Әуеліде кен алуға қажетті техникаларды жеткізумен шұғылданып, кейіннен бұрғы салдық. «Сары-Оба» шахтасының қалыптасуында өзімнің үлесім барын мақтаныш етемін. Қазір бригада басқарамын. Бригадамда «сен тұр,мен атайын» дейтін жігіттер еңбек етуде.

Атап айтқанда, Жеңісбек Еділбаев, Саят Құдабаев, Сұнғат Исанов, Бегзат Мұханбетжанов, Абылай Салпанов, Қанат Орынбаев, Ерлан Бірімжанов, Мұрат Смағұлов, Данияр Ерлановтың кен бұрғылаудағы көрсеткіштері көңіл қуантады, – деді Қуатбек Мұратбекұлы.

Көңіл түпкіріндегі мамандықты адаспай тауып, бүгінде сол арқылы бедел биігінен көрінген бұл азаматтардың кен өндіру тарихында есімі қатталып қалары даусыз. Келер ұрпақ бүгінгі кеншіні еңбектегі даңқымен танитынына сенім мол.

Суретте: Қуатбек Алтаев.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру