Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Шойын құю цехында

21 шілде – Металлург күні

19.07.2024
- Мерей
0
Шойын құю цехында
84
БӨЛІСТІ
233
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұл өндірістің байыбына бойламаған адам шойын құюды басқаша қабылдауы әбден кәдік. Яғни, балқытылған шойында алдын ала жасалған қалыпқа құю ғана деп түсінері анық. Ал, шын мәнінде бұл жұмыс бірнеше процестен тұрады. Оны бізге зауыттың шойын құю цехының басшысы Ғабит Ермағанбетов жіктеп, жіліктеп әңгімелеп берді.

– Осы аптада біз байыту фабрикаларына 3 түрлі, зауытқа 5 түрлі, шахталарға 4 түрлі өнім құюымыз қажет. Осы үшін біздің жігіттер екі, үш күн дайындық жұмыстарын жасады. Яғни, құюшылар құйылатын бұйымдардың қалыбын жасап, әзірледі.

Негізі, біздің цехта 49 адам еңбек етеді. Оның 26-сы құюшылар. Қалғандары токарь, слесарь және дәнекерлеуші. Әлгі 26 құюшы өздері құятын бұйымның қалыбын алдын ала әзірлейді. Ол үшін УМТС-тен әкелінген арнайы топырақ қоспаларын пайдаланады. Бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Құйылған бұйымның стандартқа сай болуы, сапалы құйылуы осы дайындалған қалыптарға тікелей байланысты.

Хоош. Сонымен бұйым құйылғаннан кейін де қыруар жұмыстар тұр алда. Дайын бұйымды қырлау, сырлау да өз алдына үлкен бір процесс.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Бұл жұмыстар токарьлардың күшімен атқарылады. Артық жерін жонып, тауарлық кейіпке келтіреді. Осы жерде токарьларымыз шеберлік көрсетеді. Станоктарымыз – кешегі ағылшындардың көзін көрген, көнеден қалған қондырғылар. Бірақ, мүлтіксіз жұмыс істеп тұр.

Осындай үлкен процестердің басында жекелеген озаттарымыздың жүргенін әркез мақтан етеміз. Мәселен, құюшылар бригадасының бригадирі Мұрат Мұқанов, кұюшы Сәрсенбек Тоқсанбаев, құйылған бұйымдарды қалпына келтіруші Нұр-
тілеу Танжар, токарьлар бридадирі Болат Мұсылманбеков, токарьлар Рахат Төребаев пен Серік Тұрғынбаев өз істерімен көпке үлгі болып келеді.

Осы мерейлі мереке қарсаңында бірқатар еңбеккерлеріміз лайықты марапаттарға ұсынылып отыр. Бұл олардың адал еңбегіне берілген әділ баға деп білеміз, – дейді цех басшысы.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру