Суға шомылу маусымы ашылғалы төтеншеліктерге тыным жоқ. Оған себеп те бар. Биылғы жаздың өзінде облыс аумағында 4 адам суға кетіп қалған. Оның біреуі – бала.
Қазір Ұлытау облысының ТЖ департаменті қауіпсіздік шараларын қатаңдату мақсатында Кеңгір көлінің жағасында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып жатыр.
– Суға шомылғанда сақ болған жөн. Қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет. Рейдтік жұмыстар барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алып жатқанына куә болып жүрміз. Оның арты қайғылы жағдайға алып келеді. Желді күндері мүлдем суға түсуге болмайды, – дейді Жезқазған қаласының ТЖБ бастығы Дидар Құйқабаев.
Рейд барысында көл жағасына тынығуға келгендерге ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, аталған шараларға өңірдің ерікті жастары да өз үлестерін қосты.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.