Сенбі, 7 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Көшін түзеген кәсіпорын

11.02.2022
- Өндіріс өрісі
0
Көшін түзеген кәсіпорын
86
БӨЛІСТІ
239
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыстың» құрылымында алатын қомақты орны бар Жезқазған мыс қорыту зауыты шаруасы шырайланған шуақты шақты да, тығырыққа тірелген қиын кезеңді де бастан өткерді. Соның ішінде 2013 жылы қыркүйекте мыс қорыту зауытының қаңтарылуы металлург қауымын ғана емес, жалпы Жезқазған жұртшылығын қатты алаңдатты. Компания басшылығының бұл шешімін үстірт түсінген, маңызына мән бермеген өндірістен хабарсыз былайғы ел әртүрлі алыпқашты әңгімеге сенер-сенбесін білмей, сеңдей соғылысты.

Қиындықпен қақтығыс

Шынтуайтында мұндай шұғыл шешім қабылдау – уақыт талабынан туындаған қарекет еді: ол мыс балқыту қуатын кемелдендіру келешегін жан-жақты зерттеу нәтижесіне негізделген болатын. Оның үстіне тұтынушы тарапынан өнім сапасына деген тегеуірінді талап күшейе түскен. Демек, өндіріс технологиясын заманауи тұрғыда жүйелі жетілдіріп отыру – табиғи заңдылық. Тегі темірдің түбі тозатыны түсінікті. Жезқазғандық металлургтер өндіріс технологиясын жаңғырту жолымен жаңа жетістікке жетуді көздеген.

Қалай болғанда да, бір қала бетіне қарап отырған кәсіпорынды қаңтару көпшіліктің көңілін күпті қылды. Күдік бұлтын сейілту бағытында компания басшылығы қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасады. Ең алдымен, жалақыға кесір келтірмеу жағын қарастырды. Кәсіпорын уақытша тоқтап тұрғанда оның әлеуметтік әсерін әлсіретпеу үшін пәрменді қолдау көрсетіп, кәсіпорын қайта қатарға қосылғанша орташа жалақыны сақтап қалды. Қайта құру кезінде жұмыс күшінің бір бөлігі концентрат тиеуга тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Мемлекет тарапынан да қызу қолдау көрсетілді. Металл нарығындағы әлемдік жағдаят та жақсара түсті. Осындай бірнеше оң фактор қайта құруға қойылған кәсіпорынды қатарға қосуға бөлінген 3,436 миллион доллар қаржыны толық игеруге ықпал етіп, бір жыл көлемінде күрделі мәселе өз шешімін тапты. Өндірісте оңай шаруа жоқ. Дегенмен, маман біліктілігіне зауытты қайта қатарға қосу кезінде кездескен ағымдағы қиындық кедергі келтіре алмады.

Қысқасы, кәсіпорынды қайта қатарға қосу кестеге сай атқарылды. 2014 жылы тамыз-қыркүйекте дайындық жұмысы жүрді. 15 қыркүйекте №2 пеш қыздыруға қойылып, 18 қазанда қара мыс алынды. Қарашаның алғашқы аптасында шақпақ мыс шығарылды. Сөйтіп, қиындықпен қақтығысқан жезқазғандық металлургтер қажымас қажыр-қайрат, үздіксіз ізденіс арқасында ойлаған мақсатына жетті. Өндіріс мәдениеті көтерілді, қолмен атқарылатын жұмыс көлемі кеміді.

Төрт тұғыр

Кәсіпорын табан тіреген төрт тұғырдың (шихта дайындау, балқыту, электролиздеу және күкірт қышқылы цехы) бірі – шихта дайындау буыны. Өйткені, келген концентрат осында мыс алатын шикізат – шихтаға айналып, одан әрі балқыту цехына жөнелтіледі. Кәсіпорын табалдырығы іспетті бұл буында концентрат кептіруді жетілдіруге, жабдықтың бей-берекет бұзылуының алдын алуға бағытталған бірқатар техникалық шара жүзеге асырылуда. Келешекте мұнда технология түбегейлі өзгертіледі.

Өндірістік буында күкірт қышқылы цехының өзіндік орны бар. Конвертор мен рудотермиялық пештен бөлінген газды тұту мен осы цехқа жеткізгенге дейінгі аралықтағы үдеріс автоматтандырылған. Газды барынша кәдеге жарату арқылы айналаға таралуын азайту бағытында көлемді қайта құру жұмысы жүргізілуде. Қолға алынған жаңа жоба бойынша мұнда заманауи сипаттағы аса ауқымды шаруа жүзеге асырылады.

Көпшілік көзбен көрмесе де, көңілінде берік ұялаған күреңқызыл балқыма әрқайсысы анау-мынау өндірістік буыныңды он орап алатын үш бөлімшеден тұратын балқыту цехында алынады. Балқымадан анод негізін құйып, электролиздеу цехында өңдеуден өткеннен кейін Арқадағы Жезқазғанды әлемге танытқан саф алтындай сары мыс тұтынушыға жол тартады. Бұл цехты “металлургиялық өндірістің өзегі” деп әспеттесек артық емес.

“Анау-мынау өндірістік буыныңды он орап алатын” айтулы үшеудің алғашқысы – электр пеші бөлімшесі. Онда әрқайсысы 168 шаршы метр аумақты алып жатқан үш фазалы, алты электродты, биіктігі – 4,5, ені – 7, ұзындығы 24 метрлік қуатты екі пеш тұр. Қызуға төзімді бетонмен қапталған, төңірекке бейберекет газ таралмауы қарастырылған оған тиелген шихта мен кремний диоксиді (флюс) оттегі айдау арқылы қорытылады. Құрамында мыс, темір мен күкірт бар штейн пеш түбіне шөгеді. Ал, флюспен біріккен қалғанынан шлак түзіледі.

Құрамында 40-60% мыс болатын штейн конвертерде балқытылып қара мыс алынады, ол анод пешінде одан әрі тазартылады. Шлак өндірістік қалдық қоймасына жөнелтіледі. Түпкі өнімнің тұсауы кесілетін тұс — электролиздеу цехы. Мұнда электролит температурасын реттейтін және оның құрамындағы активті затты бақылайтын автоматты желі өндіріске енгізілген. Бұл электролизші жұмысын айтарлықтай жеңілдетті.

Берекеге бетбұрыс

Екінші рудотермиялық пештің қатарға қосылып, зауыттың толық жобалық қуатында істеуі – берекелі белеске бетбұрыстың белгісі. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС-нің директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес сол сындарлы сәтке дайындық барысында қолмен атқарылатын жұмысты қысқарту үшін пештің шпурларын автоматты ашып-жабатын қондырғы (Германия) қойылды.

Өндірісті жаңғырту аясында жұмыс сапасын жақсартатын жаңа жабдықтар алынды. Мәселен, мыс электролиздейтін темір-бетон ванналар полимер-бетон түріне ауыстырылды. Анод мысын үзіліссіз құйып, тиісті салмағын сақтайтын финдік қондырғы қойылды. Агрегатты салқындатуға арналған жаңадан тұзды суды құрғататын орын салынды.

Бүгінде зауыт пирометаллургиялық тәсілмен тауарлы өнім шығарады. Түсінікті тілмен айтсақ, алдымен мыс концентраты электр қуатымен балқытылады, сосын алынған балқыма отпен және электролит ертіндісімен одан әрі тазартылып, сосын шақпақ мыс шығарылады. Құнарсыз шикізат өңдейтін гидрометаллургиялық технологияны өндіріске енгізу бағытында да жұмыс жүруде.

Бұл болашақта балансқа алынбаған кенді, бұрын есептен шығарылған қорды, ұзақ жыл жиналған өндірістік қалдықты аз шығынмен өңдеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорынның өндіріс көлемі ұлғаяды. Жезқазған аймағында жұмыс істеп тұрған кеніш «ғұмыры» ұзарады, экологиялық жағдай жақсарады. Қысқасы, кәсіпорынның келешек көкжиегі келісті.

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суреттер архивтен алынды.

Таңбалар: Жезқазған
Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру