Облыс орталығынан 180 шақырымда орналасқан «Жомарт» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті ұжым арасында еңбек озаттарын ұлықтау дәстүрін жалғастырып келеді. Бұл жолы екінші вахтадағы кеншілер арасында мамандығының үздіктері анықталды.
Мамыр айындағы өндірістік көрсеткішті орындаудағы жеке үлесі үшін «Жер астында өздігінен жүретін техниканың үздік жүргізушісі» номинациясын Асыл Құйқабаев алса, «Жер астында жеткізу техникасының үздік машинисі» атағын Қасым Сүлейменов еншіледі. Мұхаммедрахым Дүйсембаев пен Жандос Сарыбаевқа «Үздік үңгілеу-
ші» номинациясы берілсе, «Үздік бұрғылаушы» номиниациясын Желдібай Мұқашев алды. Бақтияр Әмірқұлға «Конвейер машинасының үздік машинисі» атағы лайық деп танылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.