Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрендері

Өндірістің үкілі үміті

17.05.2024
- Өндіріс өрендері
0
Өндірістің үкілі үміті
103
БӨЛІСТІ
285
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте «Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін маңызды міндет» деп жастарға ерекше назар аударды. 

Жастарға сапалы білім берумен қатар еңбек нарығында да үлесін арттырудың маңызына тоқталған болатын. Бүгінгі таңда Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болғандықтан қоғамда жастарды қолдаудың түрлі тетіктері қалыптасты.

Мыс алыбы «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарында еңбек етіп жүрген жастарға деген қамқорлық үнемі жүзеге асып келеді.  Корпорация жастарының басын бір арнаға тоғыстырған «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бұл орайда өндірістегі жас буынды қолдауға ықылас танытып отыр.

Өндірістің үкілі үмітіне айналған сол жастардың арасында кен өндіру ісінде табысқа қол жеткізіп жүрген Асылхан Тәліпов аталған ұйымның белсенді мүшесі.

Қым-қуыт өндіріс саласындағы тынымсыз тірліктен бөлек, Асылхан Уәлиұлы  спортта, мәдени шараларда өзін үздіктер қатарынан көрсетіп келеді.  «Jastar Bolashaq» Жастар одағының 5 жылдығында Асылхан «Ең үздік жас еңбеккер» атағына ие болды.

Мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз кен өндірісіне 2013 жылы келді. Он бір жыл ішінде Асылхан Тәліпов өзін кәсіби маман ретінде таныта білді. Шығыс Жезқазған кеніші «Анненск» шахтасындағы үздік еңбеккердің жеткен жетістіктері мұнымен шектеліп қалмайды. Ол 2018 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жастары арасында өткен «Қазақмыс» сұлтаны» байқауының жеңімпазы, «Еңбек озаты», «Дарынды жастар» төсбелгілерінің иегері. 2022 жылы «Еңбек жолы» республикалық байқауында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің марапатына ие болды.

– Кенші мамандығын игеру қыруар еңбекті, өз ісіңе деген жауапкершілікті талап етеді. Бұл кәсіпті таңдауыма әкем Уәлидің ықпалы болды десем, артық айтқандық емес. Ол кісі де кенші. Өзімнен кейінгі інім Темірлан да кенші мамандығын таңдап, қазір Ғазиз Омаров атындағы тресте еңбек етуде. Мамандыққа адалдық танытқан жерде береке болады. Бақ тұрақтайды. Он бір жыл ішіндегі теңізге тамған тамшыдай еңбегімді бағалап, үнемі қолдау білдірген «Jastar Bolashaq» Жастар одағына алғысым шексіз.  Өндіріспен қатар өнерді, спортты қатар алып келемін. Шығармашылық адамды тұлға ретінде дамытса, спорт шымыр бола түсуге ынталандырады. Адал еңбек абыройға жетелейді. Қазір еңбек етіп, қалыптасам деген жастарға мүмкіндік бар. Біз соны дұрыс бағытта пайдалана білгеніміз жөн, – дейді Асылхан Уәлиұлы.

Асылхан тау-кен шебері, телім басшысының орынбасары, телім басшысы сынды жауапты міндеттерді атқарып жүр. Мамандығына адалдық танытып, кәсібінде шыңдалған ол еңбекте абыройды биік қойған жан үнемі табысқа кенелетіндігіне сенімді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу41Твитерге26

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру