28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті кәсіпорын ұжымы арасында «Сақтық – өміріңнің кепілі» атты байқау ұйымдастырды.
Қауіпсіздік саясатын нығайтып, еңбеккерлердің білімдерін пысықтау мақсатында қолға алынған бұл тұңғыш байқауға 10 команда қатысты. Олар техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау салаларымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сынға түсті.
Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Саят Әтен, «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының бас техникалық инспекторы Шәкен Кененбаев бастаған қазылар алқасы шын мықтыны анықтады. Байқау нәтижесінде І орынды балқыту цехы жеңіп алса, ІІ орынды мысты электролиздеу цехы еншіледі. ІІІ орынға жылу-энергиямен жабдықтау цехы лайықты деп танылды.
Сондай-ақ, оң нәтижеге жеткен цехтарға «Үздік киім үлгісі», «Үздік бауырмал команда», «Үздік өнерлі команда», «Үздік креативті команда», «Үздік белсенді команда» номинациялары берілді. Бұл номинацияларға шихта дайындау, жөндеу және арнайы жұмыстар, от төзімдеу, шегендеу, күкірт қышқылы цехтары ие болды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.