• 1988 ЖЫЛҒЫ 30 ШІЛДЕДЕН ШЫҒАДЫ
• Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

• Басылымның құрылтайшысы –
Тау-кен металлургия және аралас өндіріс
еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы
Еңбек – ерді, ер елді танытар!
«Мысты өңір» аймақтық апталық басылымының ресми сайты

«Мысты өңір» газетінің тарихы

«Мысты өңір» газеті 1988 жылдың 30 шілдесінен бері шығып келеді. Алғашқыда Қ.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия ғылыми-өндірістік бірлестігі партия, кәсіподақ және комсомол комитеттері  мен дирекциясының органы болып табылатын орыс тіліндегі «За медь» газетінің аударма нұсқасы ретінде қосымша бет болып шығып тұрды. Қазақша қосымшаның алғашқы жауапты шығарушысы жазушы, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Төкен Әлжантегі болды. 1990 жылдың қаңтар айында жауапты шығарушысы болып белгілі журналист Аманғали Әбуов келіп, ол 1992 жылы «Мысты өңірді» дербес қазақ газетіне айналдырып редакторлыққа тағайындалды.  Басылымды  кейін республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болған белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрперзент Домбай басқарған жылдары (1998-2007 ж.) газеттің өрлеу кезеңі болды. Тарылымы 2005 жылы 12-13 мыңға дейін жетті. «Мысты өңір» Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж.) атанды. Ол кезеңде газет құрылтайшысы «Қазақмыс» корпорациясының жастар одағы болатын. 2008-2014 жылдар аралығында газеттің бас редакторы ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі журналист Амандық Рахұлы болды. Газет таралымы 9-10 мың дана болып жүрді. Одан кейін газетті белгілі журналист Абдолла Дастанов, жастар одағының өкілі Зәуреш Исмағұлова басқарды. Директоры Медеу Бейсенов, бас редакторы Бағдат Қазкенов болған тұста газет құрылтайшысы өзгерді.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.