Белгілі қаламгер, тағылымы мол талай-талай тарихи-танымдық еңбектердің, талғампаз оқырман қауым тарапынан лайықты бағасын алған көптеген прозалық және поэзиялық туындылардың авторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ұлытау облыстық филиалының басшысы
Батырбек Мырзабеков таяуда Ұлытаудың ұлағатты перзенті, Найман – Бағаналы руына қарасты Ақтаз аталығының Тіней тармағынан шыққан Ахмет ишан Оразайұлының ғибратты ғұмыры көркем кестеленген романын жарыққа шығарды.
Ел аузындағы әсерлі әңгімелер мен нақты тарихи дерек-дәйектерді ұтымды ұштастыру нәтижесінде кейіпкердің тағдыр-талайы, адами бітім-болмысы, ел ықыласын иеленуіне себеп болған барша қадір-қасиеті мен игі іс-әрекеттері шынайы да иланымды суреттелген. Сондай-ақ, шығарманың өн бойынан заманалар алмасқан сол бір алмағайып шақтағы дүрбелең дәуір бейнесін, сындарлы кезең сипатын да айқын аңғаруға болады.
Біз жаңа романның жарық көргенін сүйіншілей отырып, «теңіздің дәмі тамшысынан» дегендей, бүгін ел мен жер тарихына құмар оқырман қауымға арналған осы шығармадан үзінді жариялауды жөн көрдік.
Ай НУРИ.