• 1988 ЖЫЛҒЫ 30 ШІЛДЕДЕН ШЫҒАДЫ
• Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

• Басылымның құрылтайшысы –
Тау-кен металлургия және аралас өндіріс
еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы
Еңбек – ерді, ер елді танытар!
«Мысты өңір» аймақтық апталық басылымының ресми сайты

Редакция құрамы

Төлеш Сүлейменұлы АСАНОВ

Төлеш Сүлейменұлы АСАНОВ –
директор-бас редактор.

1977 жылдан газет саласында еңбек етеді. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1984 жылы бітірген. Облыстық «Жезқазған туы» (кейін – «Сарыарқа»), республикалық «АзияТранзит», қалалық «Шарайна» (Сәтбаев), «Сарыарқа» (Жезқазған) газеттерінде, қалалық «Дидар» телеарнасында басшылық қызметтер атқарған. Газет шығарудың заманауи технологиясын жетік меңгерген.

Облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының тұңғыш лауреаты. Қазақстан Журналистер одағының, облыс, қала әкімдерінің Құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте мараппатталған. Әңгімелері «Жұлдыз», «Адырна» журналдарында, «Жалын» альманағында, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған. «Боздау» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

 

Амандық РАХҰЛЫ

Амандық РАХҰЛЫ – тілші.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты.    Ол 1995 жылы «Қазақстан энциклопедиясы» бас редакциясынан шыққан екі томдық «Боздақтар» кітабын шығаруға қатысып, облыстық редакциялық алқасының мүшесі, қазақша қолжазбаларының редакторы болды. 2004 жылы жарық көрген «Жезқазған» энциклопедиялық анықтамалығын, 2014 жылғы қаланың 60 жылдығына арналған «Жезқазған» деректі кітабын және 2019 жылы шыққан «Жезқазған» энциклопедиясын құрастырушы авторлардың бірі. Қарағанды облысы қаламгерлерінің «Сарыарқа» сериясымен шыққан кітапқа және басқа да ұжымдық жинақтарға очерктері енген. «Ұлытау кітапханасы» сериясымен 2012 жылы  «Тарпаң тірлік» атты кітабы жарық көрген.

 

Шахмұрат ИБАДАТОВ
Шахмұрат ИБАДАТОВ

Шахмұрат ИБАДАТОВ – тілші

1973 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, сол жылғы облыстық “Жезқазған туы” газетінде әдеби қызметкер болып алғашқы еңбек жолын бастады. Облыстық газет редакциясында жауапты хатшының орынбасары, мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды

2000 жылдан 2006 жылға дейін “Мысты өңір” газетінде жауапты хатшы болды

2015 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін “Қазақмыс” корпорациясы кәсіподақ ұйымында баспасөз хатшысы қызметін атқарды

 

Әлібек Тілеубергенұлы ӘБДІРАШЕВ

Әлібек Тілеубергенұлы ӘБДІРАШЕВ – тілші

Еңбек жолын сол жылы Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде тілші болып бастаған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Жезқазған облыстық радиосында,  облыстық «Жезқазған туы» (кейін «Сарыарқа»), республикалық «Егемен Қазақстан»,  халықаралық «Қазақ Елі» және республикалық «Жас Алаш», аймақтық «Мысты өңір»  газеттерінде қызмет атқарған. Қазір облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларындағы, Ұлытау, Жаңарқа аудандарындағы меншікті тілшісі, «Мысты өңір» газетінің тілшісі болып істейді.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, республикалық «Алтын қалам», ұлттық «Алтын Гефест» байқауының жүлдегері, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сүңқар» сыйлығының иегері. Қазақстанның Құрметті журналисі. Жеті публицистикалық жинақтың авторы.

 

Бағдат Айтөреұлы ҚАЗКЕНОВ
Бағдат Айтөреұлы ҚАЗКЕНОВ

Бағдат Айтөреұлы ҚАЗКЕНОВ – аға тілші

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2010 жылы  тәмамдады.

Журналистика саласындағы еңбек өтілі – 11 жыл. Осы 11 жыл ішінде ол тәжірибе жинақтап, өзінің жан-жақтылығымен көзге түсті. Журналистика саласындағы білікті мамандардың ақыл-кеңесімен кәсіби деңгейін жетілдіріп отырған Бағдат Айтөреұлы бүгінде әртүрлі тақырыптарда қалам тербей алатын маманға айналды.

Экономика, әлеумет, мәдениет, тарих, дін  салалары мен мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асу бағытын қатар қамтып жүр. Б.Қазкенов 2017 жылдың қаңтарынан аймақтық «Мысты өңір» газетінде еңбек етуде. Қазіргі таңда Б.Қазкенов аймақтағы өндіріс тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистің бірі.

Ол осы он бір жыл ішінде республикалық, облыстық бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанды.  2015 жылғы Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының жеңімпазы.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.