Биыл 23 наурызда «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өткен болатын.
Оған өткен жылдардағыдай «Қазақмыс» компаниялар тобы белсене қатысып, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін компанияның Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өндіріс орындарында орналасқан кәсіпорындары мен кеңселері сыртқы жарықтандырудан ажыратылды.
Бір сағат ішінде Балқаш пен Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттары, Шатыркөл кеніші, «Молодежный» көмір кеніші, «Жезқазғантүстімет», «Балқаштүстімет» және «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестіктері, Бас жобалау институты, Жезқазғанның күрделі құрылыс басқармасы, сондай-ақ басқа да қалаларда орналасқан кәсіпорындар мен әкімшілік ғимараттар жарықты өшірді. Экологиялық акция компанияның өндірістік процестеріне ешқандай әсер еткен жоқ.
Биылғы жылы Қазақстанда «Жер Сағаты» шарасы еліміздің төл табиғаты мен ресурстарын сақтау тақырыбына арналған. «Қазақмыс» компаниялар тобы бұл бастаманы толығымен қолдайды және өзі жұмыс істейтін қалалардағы және жеке өндіріс орындарындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.