Табиғат құлпырып, тіршілік жанданатын шуақты шақтың бастауында тұрған 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарында еңбек ететін аруларға құрмет көрсету дәстүрі бар.
Осы дәстүрге сай, Қарағанды өндірістік алаңындағы «Нұрқазған» кенішінің нәзік жандыларына «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен кеніш әкімшілігі құрмет көрсетті. Жиынға қатысқан өндірістің аруларына бас инженер Төлеген Құлашев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов құттықтауларын жолдады.
– Ардақты аналарымызға, аруларымызға деген ілтипаттың, ізгі сезімнің көрінісіндей әсер беретін бұл мереке тіршіліктің бастауы деп білеміз. Қоғамның дамуында өзінің орнын ойып тұрып алған әйел қауымының абырой, беделі қашан да жоғары. Сіздер өндірістің әр буынында талмай, қажымай тер төгіп жүрсіздер. Осы еңбектеріңізге мың алғыс айтамын, – деді құттықтау сөзінде бас инженер Төлеген Ералыұлы.
Көктем лебін сезіндірген мерекеде кәсіподақ атынан нәзік жандарға сый-сияпат тапсырылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.