Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Түйткіл

Марапаттаудың да жөні бар емес пе?

16.02.2024
- Түйткіл
0
Марапаттаудың да жөні бар емес пе?
102
БӨЛІСТІ
284
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жақында республикалық телеарнаның бірінен Астанада өткен мәртебелі бір жиында неше түрлі қоғамдық қорлардың орден-медальдарды өздері шығарып, ақысын төлегендерді марапаттай беретіні сөз болғанын естіп қалдық. Сол үлкен жиын бұл мәселені талқылай келіп, соңында әлгі қорлар сатып жатқан орден-медальдарда мемлекеттік наградалардың өрнек-нақыштары болмауы жөнінде шешім қабылдапты. Бұл жалған марапаттарға неге тыйым салынбайтынына таңымыз бар.

Көпшілік бастары қосыла қалғанда бүгінгі етек алған марапаттау төңірегінде қызылкеңірдек болып, қызу әңгіме қозғайтынына куәгер болып жүрміз. Әрине, еңбегің еленіп, құрмет пен қошеметке бөленгенге не жетсін.

Әйткенмен жұртшылық бүгінде марапаттардың тым қаптап кеткеніне қынжылулы. Көптігі соншалық, наградалардың қадір-қасиеті кетіп барады деп біледі. Олары қайдан келіп жатыр, қандай жолмен алып жатыр, адам біліп болмайды. Тіпті кейбір жекелеген адамға құрметті атағымен қоса, орден-медальді үйіп-төгіп бере салатынын қайтерсің. Иә, еңбек ер атандырары анық. Алайда сол «даңқтылар» өндірісте жүріп, маңдайынан тер сорғалаған құрыш білекті жұмысшылар, немесе адам жанына араша болған дәрігерлер емес. Берсе, осындай мамандық иелеріне берсе ғой деп біледі жұртшылық. Сонымен қатар, көпшілік атаққұмарлыққа салынып, жалған орден-медальдарды қып-қызыл ақшаға сатып алып, тойлап жатқандардың әрекетін тым ерсі көреді.

Олар өздерінің осы сорақылықтарын жуып-шайып, марапаттарды белгілі бір қоғамдық ұйымдардан алдық дейтінін қайтерсің. Сөйтсек, әр сала министрлігінің немесе қоғамдық ұйымдар мен үлкенді-кішілі мекемелердің медальді де, атақты да беретін құзыры жоқ екен. Мәселен, Білім министрлігі «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттайды. Иә, тек төсбелгі ғана.

Сондай-ақ оқыңыз

Жеделсаты жеделдетпей тұр

Жеделсаты жеделдетпей тұр

15.11.2024
Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

19.07.2024

Осыған қарағанда, жекелеген қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің әлдебір мерейтойлық датаға орай «медаль» деп үлестіріп жатқандарын «төсбелгілер» атағаны орынды болмақ. Айталық, биылғы Жезқазған қаласы мен Жезқазған байыту фабрикасының 70 жылдығы құрметіне арналып жасалар ескерткіш-сувенир тұрғысындағы омырауға тағатын бұйымды «төсбелгі» деген жөн. Оны «медаль» деп дабырайту орынсыз.

Айналып келгенде, арзан марапатқа құмарту алғандарға да, бергендерге де абырой әпермейді. Жұртшылықтың пікірі бұл.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

 

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру