Сейсенбі, 22 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Өмір жолы өнеге

28.01.2022
- Мерей
0
Өмір жолы өнеге
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балқаш өңірінде Владислав Батырбаев есімді ел ағасы бар. Оны балқаштықтар, әсіресе, металлургия саласында тер төгіп жүрген азаматтар өз ісінің кәсіби шебері, білікті басшы әрі еңбеккерлердің шынайы жанашыры деп біледі.

Иә, бұл үш қасиет те Владислав  Вагизовичтің бойынан табылады.  Ол 40 жылын түсті металлургияның дамуына арнады. 1973 жылы Балқаш мұнай базасында 4-разрядты оператор болып еңбек жолын бастаған Владислав Батырбаевтың 39 жылы Балқаш мыс балқыту зауытымен тығыз байланыста өрбіді.  Түрлі жауапты қызметтерді атқара жүріп,  еңбекқорлығы мен өз ісіне деген адалдығын танытты. Өндірістік бөлім басшысының орынбасары, цех басшысы, жетекші технолог сынды жауапты қызметтерді жауапкершілікпен атқарды. Бірнеше жас буынды тәрбиеледі.

Қарапайым да салмақты Владислав Вагизович жұмысшы мүддесі мен құқығын қорғау жолында да аянып қалмады.  Әсіресе, 2012 жылы «КәсіпҚорған» (бұрынғы «КәсіпҚазақмыс») салалық кәсіподағының  керегесін керіп, шаңырағын көтеруде Владислав Батырбаев көп еңбек сіңірді. Балқаш мыс балқыту зауытында кәсіподақ комитеті жұмысының алға басуында кейіпкеріміз айтарлықтай шаралар жүргізді. Өндіріс ошағының жұмыскерлерінің кәсіподаққа деген сенімін арттыру жолында Владислав Вагизович өмірлік және өндірістегі тәжірибесін аяп қалған жоқ. 2012 жылдан 2019 жылға дейін Балқаш мыс балқыту зауытында «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы қызметінде болғанда Владислав Батырбаев жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер бола білді.

Қырық жылын өндіріске арнаған Владислав Батырбаев қарапайымдылығымен  ерекшеленеді. Міне, сол қарапайым мінезі оны еңбекте абыройға бөледі. Жетпістің желкенін керген Владислав Батырбаевтың өмір жолы кейінгі жастарға үлгі.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

    143 бөлісті
    Бөлісу 57 Твитерге 36
  • “Шығыстағы” шырайлы шара

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Жаңа спорт алаңы ашылды

    139 бөлісті
    Бөлісу 56 Твитерге 35
  • Облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1657 бөлісті
    Бөлісу 663 Твитерге 414
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру