«Қазақмыс» корпорациясының инвестициялық жобаларының негізінде қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қызмет көрсетілуіне баса мән берілуде.
Жезқазған өндірістік аймағындағы асханалардың жағдайына, олардың жұмыс сапасына «ULY DALA» тамақ комбинаты бақылау жүргізіп отырады. Сөзімізге дәлел ретінде жақында «Қыпшақбай» кенішінде ашылған асхананы айтуға болады.
Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің еңбеккерлері тамақтанатын «Қарашошақ» асханасы күрделі жөндеуден өткізілді. Соның арқасында тамақтану орнының қазіргі ахуалы бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсарған.
Асхана заманауи үлгідегі жабдықтармен жабдықталған. Мұнда таңғы, түскі, кешкі ауысым кезінде жұмысшыларға қызмет көрсетіледі. 100-ден аса адамды бір ауысымда тамақтандыруға мүмкіндігі бар асхананың еңбеккерлері үшін де жағдай жасалған. Ауысымға келген аспазшдар мен кіші қызметкерлер үшін арнайы демалатын, жуынатын орындар қарастырылған. Тағамдар мен сусындарды сақтау қоймасы да заман талабына сай келеді.
Айналасы 3 айдың ішінде күрделі жөндеуден өткен асхананың ашылғанына трест еңбеккерлері дән риза. Жұмысшы жағдайын жақсартудың жарқын көрінісі ретінде қабылданған асхана енді еңбек адамы үшін қызмет жасауға сақадай-сай.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ
«Мысты өңір» Суреттер автордікі.