«Қазақмыс МэйнтенансСервисиз» ЖШС құрамындағы тау-кен жабдықтары зауытының жинақтау цехы өндіріс нысаны құрылымдарының арасында өткен еңбек бәсекесінде топ жарды.
2023 жылдың екінші жарты жылдығында өнімді еңбекпен қатар қауіпсіздік саясатын орындауда аталмыш цехтың еңбеккерлері үздік деп танылды. Жинақтау цехының басшысы Сабыржан Жолдасбеков бастаған мамандар тобы межелі міндетті еңсерді. Аға шебер Руслан Гумеров, жөндеу жұмыстары жөніндегі бригадир Иван Шарапов, аспалы жабдықтарды жөндеу жөніндегі бригадир Владимир Манин, слесарьлардың бригадирі Сергей Кондратюк, темір жонушы Төлеубек Алдабергенов, электргазбен дәнекерлеуші Нұрболат Қоңқыш, слесарь Василий Зенькович – ұжымның абыройын асырып жүрген еңбек озаттары.
Былтырғы жылды табысты қорытындылаған жинақтау цехының ұжымы 2024 жылдың көрсеткішін тиісті деңгейге жеткізуге күш салуда.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.