Қаңтар айының басында «Батыс» кенішіндегі № 67 шахтада жүргізілген тексеру нәтижесінде «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Қауіпсіздік департаментінің өкілдері кәсіпорынның бірқатар қызметкерлерінің жеке баю мақсатын көздеп, алдын ала сөз байласу және тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға дайындықтың қылмыстық схемаларын әшкереледі.
Бүгінгі таңда № 67 шахтада шахтаның жөндеу пункттерінде де, жұмыскерлердің жеке кабинеттерінде де жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам 101 дана мөлшерінде жасырын тауарлық-материалдық құнды заттар анықталып, тәркіленді. Анықталған бұл заттар тау-кен жабдықтарын уақтылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған, бірақ учаскелердің аумағынан активтерді әкету мақсатында өндіріске жалған есептен шығарылып, кәсіпорын аумағында жасырылған. Айта кету керек, қылмыстық әрекеттер кәсіпорынға экономикалық зиян келтірумен қатар, ең алдымен техниканың сенімділігі мен тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Осы оқиға негізінде өзге кеніштерде де тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталып өткен схемалар Нұрқазған және Жомарт кеніштерінде де анықталды. Жалпы шығын көлемі 70 млн теңгеден асып отыр.
Тергеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Сұхбат барысында Төраға құқық қорғау органдарына да тиісті жауап дайындалып жатқанын және осы оқиғаға кінәлілердің барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жазаланатынын атап өтті.
Сондай-ақ, «Қазақмыс» кәсіпорындарында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 88000808089 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз, онда әрбір қызметкер ұрлық немесе өндірістегі әріптестерінің ұрлыққа мәжбүрлеу фактілері бойынша шағымдарды жібере алады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.