«Қазақмыс» корпорациясының аймақтағы өндіріс ошақтарының энергетикалық жүйеде жұмыс істейтін жабдықтарын жөндеумен шұғылданатын ірі құрылымның бірі – мамандандырылған энергия жөндеу басқармасы.
Бүгінде «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрамындағы кәсіпорынның зауыт, фабрика мен шахталардағы телімдерінде жұмысы жүйелі түрде жолға қойылған. Басқарма аумағындағы желдеткіш желілері мен құбыр жөндеу цехында да қызу еңбектің табы сезіледі.
Суретте: желдеткіш желілері мен құбыр жөндеу цехының слесарь-жөндеушілер (солдан оңға қарай) Әліби ОРАЗОВ, Алексей ПАНЬКОВ, шебер Мақсат САПАН, электр-газбен дәнекерлеуші Айдар БАРЛЫБАЕВ, слесарь-жөндеушілер Баймырза ӘУБІКІРОВ пен Думан АЙТҚҰРМАНОВ.