Жексенбі, 29 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Оңтүстік Кореядан дәрігерлер келді

29.09.2023
- Әлеумет
0
Оңтүстік Кореядан дәрігерлер келді
75
БӨЛІСТІ
209
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциум (R&IID XИӨК), «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және «Severance-KZ Халықаралық медициналық қоры» ҚҚ ұйымдастырған еріктілер бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореяның жетекші дәрігер мамандары Жезқазғанға келіп, бір апта бойы 500-ге жуық науқасты қабылдады. Жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныптарын өткізді.

Жезқазған медициналық орталығы екі-үш жылдан бері Сеул қаласының Ёнсе университеті клиникасымен әріптестік байланыс орнатқаны белгілі. Бұл «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен аталмыш университеттің «Северанс» госпиталі және «Severance-KZ Халықаралық медициналық қоры» басшыларының өзара ынтымақтастық меморандумына қол қоюының арқасында жүзеге асқан болатын. Әріптестік нәтижесінде медорталық дәрігерлерінің Кореяға барып тәжірибесін жетілдіруіне мүмкіндік туса, олардың мамандары осында келіп медицинадағы озық тәсілдерді ортаға салып, іс жүзінде көрсетеді. Корея дәрігерлерінің бұл жолғы сапары да осы меморандум нәтижесінде іске асқан шаралардың бірі. Кореяның алдыңғы қатарлы ауруханаларынан, соның ішінде Daejeon University және Mokpo National University ауруханаларынан келген 11 дәрігер 7 күнге арналған бағдарлама бойынша науқастарды оңалту шараларына қатысты. Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы 455 науқас  емделіп, тиісті дәрігерлік кеңес алды. Олардың ішінде 125 сырқат бала емделді. Науқастардың арасында мүмкіндігі шектеулі – сал ауруы және ПДК (психологиялық дамуының кешігуі) диагнозы қойылған балалардың ата-аналары Кореядан келген жетекші мамандардан кеңес ала отырып, мұндай сырқаттарды әрі қарайғы оңалту жолдарына ден қойды.

Сонымен қатар, жергілікті дәрігерлер халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама аясында Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлеріне педиатрия, кардиология, неврология және оңалтудың инновациялық әдістемелері бойынша дәрістер мен шеберлік сыныптары өткізілді. Жалпы, халықаралық тәжірибе алмасу медицина саласындағы дамудың тиімді құралы болып табылады. Бұл тұрғыда кореялық мамандардың келіп, науқастарды бірлесіп қабылдауы – облыстағы халықтың денсаулығын сақтау мен оңалту бағытындағы істерді дамытуға оң әсерін тигізетін аса пайдалы шара болғаны анық.

Амандық РАХҰЛЫ.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру