Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Бірлігі бекем бригада

21.01.2022
- Мұқаба, Өндіріс өрісі
0
Бірлігі бекем бригада

Өндірістік шебер Айдар БӨКЕЙХАНОВ (ортада), катод тазалаушылар Сырым БЕЙСЕНӘЛИЕВ пен Дәулет КҮРЖЕЕВ.

101
БӨЛІСТІ
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеңестік кезеңде-ақ төрткүл дүниеге танылған Жезқазған мыс қорыту зауыты нарықтық қатынастар үстемдік құрған әлемдік экономика айдынында да еркін көсіліп келеді. Онда таразының басындай теңселген мыс бағасының тұрақсыздығы мен жаһанға жәйсіз тиген індеттің ылаңына темірдей төзімі мен тағылымды тәжірибесін, қажымас қайратын қарсы қойған металлургтер тынымсыз тер төгуде. Олар қалыптасқан еңбек дәстүріне ешқашан дақ түсіріп көрген емес.

Бригадир Думан Әбішев

Кенші жөнелткен жентек-жентек кенді баптаған байытушының құнарлы концентратынан мәрт мінезді металлург шақпақ мыс шығарады. Саф алтындай сары мыстың, түсінікті тілмен түйіндегенде, түпкі өнімнің тұсауы кесілетін тұс – электролиздеу цехы. Біз тілге тиек еткелі отырған бірлігі бекем бригада өндірістің осы буынында еңбек етеді. Басшылық тізгіні былтырдан бері 17 жыл осы салада тер төгіп келе жатқан Думан Әбішевтің қолында.

Бүгінде төрт звеноға бөлініп, үш ауысыммен жұмыс істейтін бригадада 70 адам еңбек етеді. Ортақ мақсатқа жұмылған жігіттер ай сайын өндірістік тапсырмасын ойдағыдай орындап келеді. Ең бастысы – бригаданың бірлігі бекем. Соның арқасында Көрік Қойман, Аққанат Мейрамбаев, Ғабиден Кіндікбаев, Дарқан Байтоқанов, Руслан Бұқарбаев, Елдос Оразалы сияқты жас жігіттер кәсіпорын табалдырығын аттағанына 4-5 жыл өткеніне қарамастан мыс электролиздеу үдерісін еркін меңгеріп алған.

Цехта шақпақ мыстың сапасын арттыруға бағытталған электролит температурасын реттейтін және оның құрамындағы белсенді затты бақылайтын автоматтандырылған желі өндіріске енгізілген. Тегі темірдің түбі тозатыны түсінікті. Оның үстіне өндірістегі технологияның табандап тұрып қалмай, жетілдіріліп отыратыны тағы мәлім. Демек, уақыт талабына сай заманауи жүйелі жаңғыру – табиғи заңдылық. Металлургтердің де мақсаты – өндірісті жаңғырту жолымен жаңа жетістікке жету.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024
Өндірістік шебер Руслан Садық пен катод тазалаушы Сұлтан Болатов

– Біз сапалы өнім шығаруды басты назарда ұстаймыз. Өйткені, онсыз талғамы тегеуірінді тапсырыс берушінің талабын қанағаттандыру қиын. Сондықтан, катод мысының құрамындағы қоспа мөлшерін еуропалық стандарт деңгейінде ұстауға ұмтыламыз. Ол үшін әр қадамды ойлап аттаған абзал. Сонда ғана сапасы төрт тоғыздықпен таңбаланатын мысты тұтынушыға жөнелтесің, – дейді білікті бригадир.

Цехтың дәл іргесінде дайын өнімдер қоймасы қоныс тепкен. Оның ұйымшыл ұжымы электролизшілердің илеуінен өткен катод мысын талапқа сай қалыпқа келтіріп, тұтынушыларға жөнелтуге дайындайды. Кез-келген ортаның арқасүйер ақылшысы – мамандығының майын ішкен майталмандар. Саналы ғұмырын қызығынан қиындығы басым мамандыққа арнап, ыстық ықыласқа бөленген ондай өрен мұнда жеткілікті. Мәселен, өндірістік шеберлер Айдар Бөкейханов пен Руслан Садық солардың сапынан берік орын алған. Алғашқыда қойма табдырығын қобалжыған қобалжыған көңілмен имене аттаған олар бүгінде бір ұжымның бетке ұстары.

Зауыт ұжымы шуақты шақты да, қиын кезеңді де көрді. Дағдарыстың дүрбелеңін үздіксіз ізденіспен жеңді. Ілгері ұмтылды, жетістікке жігерленді. Жарты ғасырлық жылнамасында даңқты дәстүрі қалыптасты, мызғымас металлург әулеті, озат өндірісші шоғыры өсіп шықты. Солардың бел ортасында бірлігі бекем бригада келеді.

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суреттерді түсірген автор.

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру