Өмірін өндіріспен байланыстырып, ауыр бейнеттің зейнетін көріп отырған «Қазақмыс» корпорациясының еңбек ардагерлеріне 1 қазан – Қарттар күніне орай құрмет көрсетілді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров бас болып, «Аmanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов пен «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов шын пейілмен қарттарға көмек беруде. Мереке қарсаңында ғұмырлары мен денсаулығын өндіріске арнаған қарттарға деген аталған ұйымдардың ықыласына ардагерлеріміз алғысын білдіруде.
Абулаис Мулақов,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы
Ардагерлер кеңесі Сәтбаев филиалының басшысы.