Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Қос құжатқа қол қойды

29.09.2023
- Бағдар
0
Қос құжатқа қол қойды
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ел экономикасын еселей отырып, халықтың хал-ахуалын арттыру – маңызды міндеттердің бірі һәм бірегейі. Бұл үшін заман талабына сай, мемлекетаралық байланыстарды жан-жақты нығайту керек. Осы орайда, Қазақстан және Ресей арасындағы қарым-қатынас қай тараптың болмасын оң жамбасына келері күмәнсіз.

Бұған дәуірлер бойғы достықтың нарықтық тұрғыдағы нәтижесі айқын айғақ. Екі елдің арасындағы көпжылдық келісім арқылы көздегенімізге қол жеткізіп, сан салада сенімді серіктес атануымызға даңғыл жол ашылуда. Сондай бір ілкімді іске жаңадан құрылған Ұлытау облысы да қол жеткізіп отыр. Жуырда «Иннопром Қазақстан» көрмесінің аясында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитин кездесу өткізді. Шара барысында өңір басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта әлеуетті арттыру туралы келісім жасасты. Нәтижесінде 2022 жылдың 28 қарашасында Орынбор қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыруға мақсатында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Дастан Рыспеков пен Новгород облысы губернаторының бірінші орынбасары Евгений Богданов екі облыс арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық жол картасына қол қойды. Жол картасы өнеркәсіп, сауда, білім, медицина, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты білдіреді.

Одан бөлек, «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Новгород облысының даму агенттігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Елдің дамуы үшін дараланып, бұйығып жатып, тұйық тіршілік ету тиімсіз. Алға басу үшін араласу керек. Осы орайда өңір басшысы өткен жолы Аспанасты елінде де болып, байланыс орнатып, қарым-қатынасты күшейтті. Мемлекетаралық мәміле бар жерде ешбір елдің ұтылмасы, ертеңіне жол ашылары ежелден мәлім. Жоғарыда аталған ынтымақтастық өңірдің сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени саласын дамытуға және өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру