Ұлытау облысында шаруа қожалығынан 29 жылқыны ұрлаған 26 және 28 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды.
27 шілдеде Ұлытау облысы полиция департаменті Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның шаруа қожалықтарының бірінің қызметкерінен белгісіз тұлғалардың 29 жылқыны ұрлағаны туралы арыз келіп түскен.
– Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, алғашқы жедел іс-шара барысында Жамбыл және Түркістан облыстарында екі күдікті адам ұсталып бүгінгі күнде қамауға алынды, – деді бізге Ұлытау облысы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков.
Қазіргі уақытта 7 жылқы мен автокөлік тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.