Алғашқы рет Өмірбек ағамен Жезқазғанда бір тойдың басында кездестім. 10 жылдан асып кетті. Туысым Рүстем Қалдыбаев тойдың төрінде отырған Өмірбек ағаның жанына әкеліп, таныстырды. «Өмеке, мынау жігіттің есімі Қайыртай, сіздің ініңіз», – деді. Аға маған бір қарап, ашық көңілімен: «Отыр жаныма», – деді. Сол кезден Өмірбек аға менің көңілімді жақын тартты. Оның себебі мүмкін жылы көзқарасы болдыма, бір сөзбен жеткізіп айта алмаймын, бірақ жақын тартты. Адамды бір көргеннен танисың, сол кезде жақындықтың сезімі пайда болады дейді ғой, солай шығар.
Жанына отырғызып, ата-ананы, туысқандарды сұрастырып, Көкшетау және Есіл төңірегінде тұратын ағайындар туралы әңгімелеп кетті.
Сол той аяқталған сон: «Ералы, мен сені апаңмен таныстырайын», – деді. Жанымда зайыбым Сара және інім Қайыржан болған. Үйдің есігін аша салып: «Туыстар келді, қарсы ал! – деді дауыстап апамызға. Алдымыздан колында сүйенетін таяғы бар Мәкен апа шықты. Құшақтап, залдағы стол басына отырғызды. Шай үстінде әңгімелеріміз жалғасып кетті.
Сол кезден бастап әртүрлі жағдайлармен байланысты кездесіп тұрдық. Көрген сайын Өмірбек аға маған жазған кітаптарының біреуін ұсынатын және берген қолтаңбаның себебі, мақсаты неде екенін айтып түсіндіретін.
Бір жылы Өмірбек аға екі-үш күнге Астанаға келді. Оны естіген Жезқазғаннан көшіп келген жақындары мен таныстары кезекпен ағаны қонаққа шақырды. Шақырған үйде төрде отырып, маңызды әңгімелер айтып, жиынның бетін бұрып алады.
Жасы 80-нен асқаннан кейін ағаны жиі мазасыздандыратын, жүргізбейтін тізе буыны болатын. Алматыда аяғына операция жасатып, жасандыбуынсалынған, бірақ аса жазылдыдепайтуғаболмады. Дегенмен өмірдің соңына дейін Өмірбек аға әртүлі қалалық жиналыстардан, өлім-баталардан бас тартпады.
Өмірбек аға 55 жылдан астам медицина саласында зор еңбек жасады. Кешегі заманның алдыңғы легінде сергек жүріп, жауапты қызметтер атқарған. Хируругия саласының белгілі маманы болған, біраз жыл Жезқазған облысының бас хирургіқызметіндеаянбайеңбекетті. Туғанелімәртебесінкөтеруге қомақты үлес қосты. Он екі мыңнан астам операция жасаған, қаншама адамды әртүрлі қауіпті аурулардан аман алып қалған. Бұл Өмірбек ағаның өте маңызды, Жезқазған – Ұлытау төңірегінде абыроймен атқарған кәсіби еңбегі.
Сонымен қатар, медицина ғылымдарының кандидаты Өмірбек аға баршамызға ғалым ретінде, 40-тан астам жазған кітаптарымен танымал. Адамның артынан қалатын ізінің біреуі – ол қолжазбалары. Кітаптардың біразын аға 70-80 жасқа келгенде баспадан шығарған, басқаша айтқанда, бұл ақсақалдың өмірде көргенінің ұйытқылары, ақыл-парасаты деуге болады.
Мен ағаны кеш кездестірсем де жазған кітаптарын оқып, Өмірбек ағаның тұлғалық өмір жолын толық түсіне бастадым. Оған себеп ағаның келесі өмірбаянының оқиғалары.
Елдің, халықтың мәңгілік өшпес байлығының біреуі – ол салт-дәстүрі мен мақал-мәтелдері. Оны толығымен білген Өмірбек аға, жүрегінде жүрген ойларын, біраз жылдары жинақтаған материалдарын қолжазбалар ретінде баспадан шығарған.
«Қазақтың 6000 мақал-мәтелдері» (Астана, 2011 ж.) құрастырған қолжазбасының мақсатын Өмірбек аға былай түсіндіреді: «Мақал-мәтел – адам ақылының ажары, тілдің көркі, ойдың бұлағы, жүйелі сөздің топтамасы. Бүгінгі заман талабына сай мемлекеттік тіл статусын алған кезде ұрпақтарымыз өзінің анна тілін үзбей үйренгенде қазақ тілінің нәрін жастардың бойынына сіңіруде, бұл туындының алар орны ерекше. Ата-бабалардың сөздері де мақал-мәтел болып келтірілген. Олар бірлікке, шындыққа, адалдыққа, достыққа, адамгершіліккежастардышақырады…»
Сонымен катар «Бабалар тағлымы» (Қарағанды, 2012 ж.) кітабында келтірілген «… салт-дәстүрде тәрбиелік мәні бар, тереңге кеткен тамыры бар дүниелердің қоймасы жатыр… Аталарымыздың көптеген тұжырым, ойлары өмірден, бақылаудан, ғасырлар бойы жинақталған тәрбиеден алынған…».
Иә, осы жазбалардан ғана Өмірбек ағаның азаматтығы, терең ұлт сезімі айқын көрінеді. Өмірбек ағаның өмір жолы баршамызға, әсірісе, жас ұрпаққ аүлгі емес пе?
2013 жылы жарық қөрген «Таңдамалы туындылар» кітабының алғы сөзінде Өмірбек аға өзінің өмірінде кездескен ұлағатты адамдарға, жан қияр достарына алғысын білдіреді: «… менің қол жеткен аз-маз табыстарым мен жетістіктерім де сол кісілердің баталары мен қолдауы да бар…».
Аға Қарсақбайдың орта мектебінде 10-сыныпта оқып жүрген кезі болатын. Қарсақбайға Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ. И. Сәтбаев келіпті. Оның себебі, Қаныш Имантайұлының осы аймақтан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынылуы. Қарсақбай клубында кездесу басталады, жас сайлаушылар атынан сөйлеген Өмірбек аға екен. Жиналыс аяқталған соң Қаныш Имантайұлы Өмірбек ағаны жанына шақырып, батасын беріпті: «Қарағым, бақытты бол, болашағың жарқын болсын!». Өмірбек аға осы жай туралы жазды: «Қаныш аға батасын берген күні бүгінгідей көз алдымда, үні құлағымда». Өмірбек аға ұмытпай, осы кездесуді кеше ғана болғандай сезінеді екен. Оның себебі, Қаныш Имантайұлының тек Жезқазған мен Қарсақбай емес, бүкіл Қазақстанның тау-кен өндірісінің дамуына жасап жатқан зор еңбегі. Оған себеп, Қаныш ағаның азаматтығы, өмірлік жолының тазалығы мен даналығы. Өмірбек аға да осындай жолдан таймай, осындай өмір жолын биік бағалап жүрген азамат еді.
1961 жыл, наурыз. Жезқазған қаласында Қазақ КСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өтіп жатты. Оның мыс шаһарында өтуіне ұйытқы болып, басқарып жүрген академик Қ. И. Сәтбаев. 600-ден астам ірі ғалымдар, өндіріс басшылары жиналып, мыс өндірісініңдамуы мен болашағын, ертеңгісі талқылады. Денсаулық саласымен байланысты мәселелер – біреу, ол кадр мәселелерін шешуү шін қалада медициналық училище ашу. Қаныш Имантайұлы араласқан іс нәтижесіз аяқталмай қалушы ма еді?
Сол жылы, мамырда медучилище ашу түралы Үкімет қаулысы шықты. Қалалық компартия комитетінің бірінші хатшысының ұсынысымен алғашқы директоры болып Өмірбек аға тағайындалды. Әртүрлі күрделі мәселелерді шешуге, атсалысуға дайын болғанағамыз, «Мен бара алмаймын, хирургия менің кәсіпкерлік жолым» деп айтқан емес. Екі білегін сыбанып жаңа жұмысқа кірісіп кетті. Оқу орнының ғимараты, оқытушылары, құрал-жабдық жоқ болды. Сол оқу орының, қалалық медициналық училищені аяғына тұрғызған – Өмірбек аға.
Өмекеңнің хирургия жолындағы үлкен ағаларының бірі – Х. Ж. Мақажанов. 1954 жылдан бастап қазақстандық травматологияның негізін қалаушысы Хафиз Жаңабайұлы Өмірбек ағаның әріптес ағасы болған. Оны Өмірбек аға өзі дәлелдейді: «Менің осы дәрежеге жетуіме, хирург маман болуым, ұйымдастыру қабілетіне ие болуым, ғалым болуым тек осы кісінің арқасы, осы ұлы азаматтың көмегі мен ақыл-кеңесі».
Өмірбек аға өмір жолының ыстығы мен суығын жас кезінде көрген, ал, жасы келгесін зейнетіне бөленген кадірлі ақсақал болған. Өмірлік серігі Мәкен апамен шаңырақ құрғанына 70 жылдай болыпты. Бес баланың анасы, шаңырақтың ұйытқысы, бүкіл жақын туысқандардың ақылшы әжесі Мәкен апаймен бірге өмірдің зейнетінде болды.
Өмірбек аға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы, еңбек ардагері атанды.
Әр жағдайда, әр уақытта зиялы қауымның қадірлі ақсақалы болды. 2000 жылы Жезқазғанға министрлер кабинетін басқарып жүрген Қ.-Ж. Тоқаев жұмыс сапарымен келген. Қасым-Жомарт Кемелұлының келуі, Жезқазғанның келешегі, «Қазақмыстың» ертеңі еді. Қала өндірісінің жағдайын көріп, зауыт жұмыскерлерімен кездесіп, жиналыс өткізгеннен кейін облыстың әкімі арнайы дастарқан жасаған екен. Тілек білдірушілердің біреуі Өмірбек аға болыпты. Айтқаны: «Каке, сіздің киелі де қасиетті Ұлытау – Жезқазған жеріне келгеніңізді естіп, қаладағы ардагерлер алқасы сізге бата беріп, сәт-сапар тілеп, құрмет көрсетсін деп жіберіп отыр. Сіздің отырған жеріңіз орда, барған жеріңіз байлық, көргеніңіз қызық, естігеніңіз елдің жақсылығы болсын, әумин!» деген екен аға. Сол кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы орнынан тұрып, Өмірбек ағаны құшақтап, ризашылығын білдіріпті.
2017 жылы 7 шілдеде республикалық газеттің «Тұлға» бөлімінде «Я видела ангела…» деген мақалада журналист Н. Чуйкина Өмірбек ағаның өмірбаянын жариялаған. Мақаланың төрт бөлімінде ағаның өмірі сипатталған: «Сотни спасенных жизней», «Зигзаги судьбы», «Ученик верный учителю», «Отец и дети». Ағаның өмір бойы аянбай хирургия саласында зор еңбек еткені, жастар мен әріптестеріне қадірлі ұстаз болғаны, 5 баласының мақтанышты әкесі болғаны, жезқазғандық ардагерлердің қадірлі төрағасы болғаны айтылған. Иә, көпшілік сияқты Өмірбек аға әріптестер арасында, қоғамның ортасында ыстық ықыласына бөленген жан. Сонымен қатар, ағаныңазаматтылығы, ой-парасатының биіктігі мақалада анық көрсетілген.
Шын мәнінде Өмірбек аға – еліміздің абзал азаматы, зор еңбегімен Жезқазған – Ұлытаудың тарихында өшпейтін із қалдырған тұлға.
Қайыртай ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
м.ғ.д., профессор, Астана медициналық университетінің оқытушысы.