Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жезқазған қаласының орталық базарында «қауіпсіз өнімді таңда» атты акция ұйымдастырды.
Ресми статистикаға көз жүгіртсек, әлемде жыл сайын әрбір оныншы адам ластанған немесе микробтары бар тағамдарды қолдану арқылы инфекциялық ауруға немесе тағамнан улану жағдайына тап болады екен. Қауіпті азық-түліктер тек қана адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс әсеретіп қоймай, сондай-ақ жеке адамдар және кәсіпорындар үшін экономикалық тұрғыда кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық мамандарымен халық арасында және кәсіпкерлер арасында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. «Қауіпсіздік өнімді таңда» акциясы осы мақсатта қолға алынуда.
– Кез-келген тұтынушы өзінің сатып алған өнімін, жеміс-жидек, көкөнісін құрамында нитраттардың бар-жоғын тексерте алады. Адам денсаулығы мен тұтынатын тағам өнімінің қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында. Сондықтан сауда жасағанда дұрыстап таңдап алғандарыңыз жөн, – дейд ібұл ретте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлсара Аймурзинова.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2019 жылдан бастап жарияланған мораторийдің ұзартылуына байланысты, тағам өнімдерін өндіру, қоғамдық тамақтану, көтерме және бөлшек сауда объектілерінің орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері облыстың қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармалары тексермейді, жоспардан тыс тексерулер жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдарын егізінде ғана жүргізіледі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мұндай акцияны енді өңірге қарасты Қаражал қаласы мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында өткізуге ниетті.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.