Сейсенбі, 24 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Пештің қызуында шыңдалған Ермек

05.09.2025
- Жаңалықтар
0
Пештің қызуында шыңдалған Ермек
107
БӨЛІСТІ
296
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ілкіде Рыбачий қазір Бекболат сай аталған елді мекеннің маңыраған қойы мен сақалды ешкісін қалдырмай кезекпен бағатын едік. Жұрт аманат еткен малды Экспедициядан әрі асырып кешкілік екі бүйірін томпайтып алып келу бір күндік парызың. Кейде оңтүстік жақ беттен соққан жел мыс қорыту заводының түтінін бұлттай көшіріп жазық далаға төндіреді. Күннің аптап ыстығында газды түтіннен жерқайысып жайылып жатқан малдың мазасы қашып тоқтамастан жүре береді. Малға ілесіп өзіңнің сілең қатады. Ондайда заводтың тұрбасы мен түтіннің әкесін еске алмасаң басқа өш алатын ешкім жоқ.

Қаладан алыстағанда түтіні шығып көкке шаншылған завод тұрбасының мойны ғана қылтиып көрініп тұрады. Ала тұрбаға қарап түтінді шығарған пештің технологиясын кәдімгі үйдегі пештің үлкені іспеттісін елестететін едім. Үлкен крандар қазандарды көтереді деп естігем, ол қазанмен пешке көмір салып, күлін шығарып отырады деп ойлайтынмын.

Он жылдан кейін сол заводтың пешінде жұмыс істейтінімді кім білген.

Әскерден кейін заводтың балқыту цехына қарасты «электро пеш» бөліміне жұмысқа тұрдым. Өзі ыстық пешке шілденің шіліңгір құс қанаты күйетін ыстығында келгенім қызық болды. Үстерінде қалың киізден тігілген сухонка мен шалбары, аяқтарында сақылдаған сары аязда киетін пима, бастарында киіз қалпағы бар оншақты қарулы жігіттердің ортасына бір-ақ түстім. Ол балқыту цехына танымал «Шегебаев ауысымы» болатын.

Ауысым бригадирі бір қарағанда бетінде еңбектің ізі көрінген, өңіне айбын беріп тұрған қалың мұртты, қою қасты, пышақтай арық емес Ермек Шегебаев екен. Ол кезде жас шамасы 35-тен асқан жігерлі ер ортасы жаста болса да ел аузына ілінген Ермек ауысым бригадирі әрі РТП-1 пештің аға балқытушысы болса керек.

Ермек мінезі салмақты, жұмысына берілген, істеген еңбек өтілі әжептәуір болғанымен көкірегі жоқ қарапайым және маңдай терімен күн көретін нағыз еңбекқор, қулық – сұмдықты білмейтін адам болып шықты.

Сөйткен баяғы бала қиялдағы көмір салып қыздырады деген пешімнің қыр-сырын Ермек үйрете бастады. Пештің ішіне көмір емес, майда қиыршық мыс гранулы салынып оны диаметрі 1200-дік алты электрод тоқпен қыздырып балқытады. Пештің бір жағынан «штейн» яғни 50-55 % ауыр мыс алынса, екінші жағынан жеңіл «шлак» шығады.

Ермек екеуміз 1500 градусқа қыздырылған ыстық шлак алатын жағында істедік. Қара жұмысқа кішкентайдан жегілген мен ыстық демесең басқасына көніп жүрмін. Үйренбеген адамға бастапқы кезде әрине шлак ағатын шпурды ашып-жабу қиямет болса, басқа жағынан нағыз адреналиннің өзі. Әсіресе бір жапқаннан жабылмай қалса нағыз аласапыран, екінші саздан жасалған саптаманы саптап жабуға дайындаймын дегенше астындағы тепловозға тіркелген шлак құйылып жатқан «чаща» толып кетсе күнің бітті дей берсең болады. Алғашқыда дәл солай шпурды жаба алмай жан-жақа от шашқанда жүрегім аузыма келіп, көзге түртсе көрінбейтін қою тұман газдың арасында отқа күйген тауықтай жүгіргенімді ешқашан ұмытпаймын.

Басында Ермек қасымнан кетпейтін, кейін кетіп қалатынды шығарды. Оған сеніп әбден үйреніп алған мен тыпырши орын таппаймын, алдымда ағып тұрған ыстық шлак. Жанталаста қара сорпа болып бірдеңе дұрыс болмай қалса күйбеңдеп жүгіріп бастай бергенде Ермегім әйтеуір жетіп келеді. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанғасын оның қайда жүретінін біліп алдым. Сөйтсем үстіңгі қабаттан бақылап отырады екен ғой, жарықтық. Өздігінен үйренсін, өзгеге емес, өзіне сенуді білсін деген өзінің жеке тәсілі екен. Сондай қысылтаяң кезде оны құтқарушы іспетті көретін едім.

Ермектен жалғыз пештің қыр-сырын емес, адами тұрғыдағы ұстанымынан да сабақ алдым. Оның жақсы қасиеттері өтірікке жоқ, сосын білмейтін нәрсесін білмеймін деп кесіп айтатын. Кейбір майда қысыр әңгімеге тіл салғанды жек көретін, кейде пендешілік жасап біреулер тілдеріне ерік берсе тыйып тастайтынын талай көрдім.

Ермек тек өзіміздің ауысым ішінде ғана емес, өзге ауысымдар мен тұтас балқыту цехының арасында да зор беделге ие болатын. Цех пен бөлім басшылары да оған жиі жүгініп, алдағы жоспарлы жұмыстар жайлы ақылдасып, пікіріне құлақ түретін.

Он бес жыл бірге істегенде оның тәкаппарлығын, кісіге дауыс көтеріп сөйлегенін көрген емеспін. Әзіл сұрасаң оғанда жоқ емес-ті, орны бар жерде үлкен-кішімен әзілдесіп шаттыққа толы талай ауысым өтті. Оның еңбегі пештің қызуымен шыңдалған, мінезі болаттай берік еді. Ауысымға жаңадан келгендерге әрдайым: «Бұл жұмысқа шыдап беретіндер «нағыз табанды жігіттер» деп жігір беріп қоятын. Шегебаев ауысымында біз бір үйдің баласындай болып, иық тірестіре еңбек еттік.

Өкінішке қарай, тағдырдың жазуымен Ермек 2024 жылы ауыр дерттен дүниеден өтті. Ол бүкіл ғұмырын Жезқазған мыс қорыту заводының отты пешіне арнап, еңбектің нағыз үлгісін көрсетті.

Дастан Төлеутаев,
әріптесі.

Бөлісу43Твитерге27

Көп қаралған

  • Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    Инклюзивті білім беру: жүйелі қадамдар мен болашақ бағыттар

    114 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1751 бөлісті
    Бөлісу 700 Твитерге 438
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Жаңашыл ұстаз, жанашыр бауыр

    142 бөлісті
    Бөлісу 57 Твитерге 36
  • Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі

    79 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check