Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

«ҰЛЫТАУ ҮНІ» фестивалі шымылдығын түрді

09.06.2023
- Мұқаба
0
«ҰЛЫТАУ ҮНІ» фестивалі шымылдығын түрді
166
БӨЛІСТІ
461
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Халықтар достығы мен мәдениет үйінде «Ұлытау үні» Халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнері фестивалінің мерейтойлық 31-маусымы ашылды. Мысты өлке аспанын ән мен күйге, асқақ рух пен жалынды жырға бөлеген дүбір үш күнге созылды…

«Ұлытау үні» ұлттың үніне айналып кеткелі қашан?! Сонау 1990 жылдары бастау алған ерекше фестиваль алдымен облыс, көп ұзамай республика, айналасы 5-6 жылдың көлемінде халықаралық деңгейді қамтыған қазақ өнерінің үлкен жәрмеңкесіне баланды. Иә,биыл 31-рет жалауын көтеріп отырған «Ұлытау үні» фестивалі – өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тірлік тынысын түзеген, Ұлытау атауын иеленген  жеке облыс болып құрылған өлкенің жаңа тарихындағы алғашқы фестиваль!

– Облыстың мәдени өмірі үшін үлкен оқиға болып отырған «Ұлытау үні» фестивалі біздің Тәуелсіздігімізбен тұспа-тұс басталып, халық ықыласына бөленді. Жаңа таланттарды ашқан фестиваліміз бұл жолы жаңа деңгейде ұйымдастырылып отыр. Аймағымыздан қаншама жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталып жарыққа шықты. Фестивальдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! – деді аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

Фестиваль ауқымы биыл да тұтас республиканы қамтыды. Бағдарламасы да ерекше. «Ұлытау үні» тарихынан сыр шертер арнайы алаң; термешілердің, күйшілердің, көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы, шығармашылық кеш және ақындар мүшайрасы.

– Бүгінгі фестивальді барынша ерекше форматта ұйымдастыруға тырыстық.Қаншама дүлділдеріміз келіп отыр.Жалпы 90-ға жуық қатысушы өнерлерін ортаға салады. Шын мықтыларды анықтайтын боламыз, – деді облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әнуар Омар.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Бұл  фестиваль – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестиваль Ұлытау өңірінің ғана емес, елдің рухани өмірінде айрықша орын иеленеді.

Мерейтойлық думанға аталған фестивалдің алғашқы жылдары, алғашқы күндерінің  қатысушылары арнайы қонақ болып келді…

Сахна төрінде ұлттық музыкалық аспаптар үні мен ұлттық киім киінген ұлттың ұл-қыздары! Себебі, бұл – Ұлытаудың биігі!

Фестивальге елдің түкпір-түкпірінен 12 дәстүрлі әнші,  халықаралық дәрежеде өнер көрсетіп жүрген 21 күйші және 20 термеші арнайы келген. Бұдан өзге 15-шақты осы өңірден шығып, бүкіл қазақ даласын жырмен тербеп жүрген ақындар да арнайы атбасын тіреген.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу66Твитерге42
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру